Әкімшілік бөлімінің басшысы Марат Ахтанов мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, қызмет алушылардың құқықтарын сақтау және қызмет көрсету тәртібін жетілдіру мәселелері талқыланды.
ОРЫНБЕК БАҒЖАН АБДИЖАМАЛҰЛЫ
✓ Сарыағаш ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушысы
✓ Қызметтік міндеттерін адал және кәсіби шеберлікпен орындап, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосқан қызметкер.
_________________________________
✓ Судебный исполнитель филиала межрайонного территориального отдела принудительного исполнения Сарыагашского района
✓ Сотрудник, который добросовестно и профессионально исполняет свои служебные обязанности, вносит вклад в формировании позитивного имиджа государственной службы.
ҚР Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаментінің Сарыағаш ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Е. Давланбеков 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және әділет органдарының қызметі мен конституциялық кепілдіктері және құқықтары туралы ақпараттандыру жұмыстары аясында 14 қазанда «Сәт» медиа-холдингі» ЖШС-нің Сарыағаш радиосындағы «Жаңалықтар» бағдарламасына сұхбат берді.
Сұхбат барысында «Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық тұрғыдан ілгерілету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының негізгі талаптарын түсіндіру мәселелері қамтылды.
Сұхбаттың негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға атқарушылық іс жүргізу саласындағы заң талаптарын түсіндіру және өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттандыру.
#ЗаңМенТәртіп #ЗаконИПорядок #ТүркістанОблысыӘділетДепартаменті #ҚұқықтықСауаттылық
Қазақстан Республикасы әділет органдары қызметкерлерінің күні және Сот-сараптама қызметінің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға Әкімшілік бөлімінің басшысы Марат Ахтанов қатысып, департамент басшысының алғыс хаттарын табыс етті.
Департаменттің Әкімшілік бөлімінің басшысы Марат Ахтанов мемлекеттік қызметшілер үшін клиентке бағдарланған сервис дағдыларын жетілдіруге арналған семинар өтті. Іс-шара барысында азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, тиімді коммуникация орнату, сервистік мәдениетті қалыптастыру және клиентке бағдарланған тәсілдерді тәжірибеде қолдану мәселелері айтылды.
«Жаңа толқын» бағдарламасында Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Пирметов Ансар Умарович «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді.
📌 Бағдарлама барысында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы жаңашылдықтар мен қолданыстағы талаптар түсіндірілді.
👉 Толығырақ «Жаңа толқын» бағдарламасын YouTube арнамыздан көре аласыздар: https://youtu.be/GLRrhus-kfw?si=ZDl8o9uu8NYzOI2V
#ЗаңМенТәртіп #ЖаңаТолқын #ЗаңдыТұлға #МемлекеттікТіркеy #ҚұқықтықСауаттылық#Әділет
Жаңа толқын» бағдарламасында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Тауке Анешов зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері туралы айтып берді.
🔹 Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау;
🔹 құқықтық сауаттылық;
🔹 алаяқтықтан сақтану жолдары сөз болды.
📌 Құқықтық сауаттылық — қауіпсіздіктің маңызды кепілі!
Толығырақ сілтемеде: “Жаңа толқын” ақпараттық-сауықтық бағдарламасы | 24.09.2026
https://youtube.com/watch?v=4BPNMRdxbkg&si=YxriYi_aSIY_3ml
#ЗаңМенТәртіп #ЖаңаТолқын #ЗияткерлікМеншік #ҚұқықтықСауаттылық #Әділет
2026 жылғы 24 қыркүйекте Түркістан облысы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Жиын барысында әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру, азаматтардың жолданымдарын заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу және есепке алу, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарын қатаң сақтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Сайрам ауданындағы Ақсукент және Манкент ауылдық округтерінде орналасқан «Құқық кабинеттерінің» жұмысы зерделенді.
Кабинеттер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңнаманы өз бетінше зерделеуіне мүмкіндік береді.
Мұнда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, «Заң» дерекқорына, e-Otinish және «Ашық НҚА» порталдарына қолжетімділік қарастырылған.
Сонымен қатар, Әділет органдарының қызметкерлері тұрғындарға көшпелі форматта құқықтық консультациялар берді.
Құқықтық сауатты азамат – заң талаптарын білетін және өз құқықтарын қорғай алатын азамат.
#ЗаңМенТәртіп #ҚұқықКабинеті #ҚұқықтықСауаттылық #Әділет #ТүркістанОблысы
Түркістан облысы Әділет департаментінде алименттік берешекті өндіріп алу мәселелері бойынша жұмыс отырысы өтті.
Жиынға Түркістан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Түркістан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысы және жеке сот орындаушылары қатысты.
Кездесу барысында үш айдан астам алименттік берешегі бар борышкерлерге қатысты «Борышкерге іздеу жариялау туралы» қаулыны санкциялау үшін прокуратура органдарына жолдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды.
Қатысушылар мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша бірлескен шешімге келді.
#ЗаңМенТәртіп #Алимент #АтқарушылықІсЖүргізу #Әділет