ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Балжан Алипбектің төрайымдылығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022 жылға арналған Операциялық жоспарының 14 тармағына сәйкес жылжымайтын мүлікке байланысты мәмілелерді ресімдеу және тіркеу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, аумақтық нотариаттық палатамен өзара іс-қимылды күшейту мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Түркістан облысының Нотариаттық палатасының төрағасы, нотариустар, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының тіркеу басқармасының басшысы, қалалық, аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімдерінің басшылары, Департаменттің құрылымдық бөлімдердің басшылары және сала мамандары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, 33 бабы 1 тармағына енгізілген 5-1) тармақшасы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты жер пайдалану құқығын иеліктен шығару жер пайдалану құқығы берілген кезден бастап бес жыл жалға алу мерзімі өткеннен кейін азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жүзеге асыру мәселесін талқылады, сауалдарға жауаптар берілді.
Сонымен қатар мұралық істерді тіркеу тәртіптері туралы баяндалды.