Түркістан облысының Әділет департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бекітілген еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған салалық іс-шаралар жоспарына сәйкес әділет органдары қызметкерлерінің балалары арасында “Менің елім- Қазақстан” сурет байқауын өткізіп, байқау жеңімпаздарын марапаттады.
Балалар тақырып бойынша өз өнерлерін ортаға салып, өздерінің тұғырлы тәуелсіздіктің бейнесін қағаз бетіне түсірді. Байқауға қатысқан балақайлардың ішінен оза шапқан 5 үздік суретші жасөспірімдерге алғыс хаттар табысталып, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.