Меню

Страницы

Статья

Сот бейнефонографиялық сараптамасының ерекшеліктері

Сот бейнефонографиялық сараптамасының ерекшеліктері

 

Сот бейнефонографиялық сараптамасының мәні – арнайы жазба құралдарының көмегімен әртүрлі тасымалдағыштарда тіркелген дыбыстық ақпаратты зерттеу, жазба материалдарын зерттеу, қылмыстық және азаматтық істерді шешу үшін маңызды, жүргізілген зерттеудің нәтижесінде алынған дәлелдемелерді бағалау және пайдалану негізінде нақты деректерді және іс жағдаяттарын анықтайды.

Сот бейнефонографиялық сараптамасының объектілері - магниттік немесе цифрлық тасымалдағышта жазылған сөздік және дыбыстық ақпарат; дыбыс жазу құралдары; сараптамалық зерттеуге арналған үлгілер; зерттеу мәніне қатысты іс материалдары. Сараптамалық зерттеу мәніне қатысы бар фонограммалар – зерттелетін фонограммалар деп аталады және оған уақыттық және мәтіндік шекаралар кіреді (жазбаның басы мен соңы). Егер объекті ретінде бейнежазба ұсынылған болса, онда зерттеу тек бейнежазбаның дыбыстық сүйемелдеу сигналына қатысты ғана жүргізіледі.

Сарапшының құзыретіне келесі негізгі міндеттерді шешу кіреді:

      фонограмманы диагностикалық зерттеу;

      фонограмманы сәйкестендірушілік зерттеу;

      фонограмманы жіктеушілік зерттеу;

Фонограммаларды диагостикалық зерттеу кезінде шешілетін міндеттер:

      монтаждаудың және жазу барысында немесе одан кейін енгізілген өзгертулердің белгілерін анықтау;

      зерттелетін фонограммадағы сөйлеген сөздің сөзбе-сөз мазмұнын анықтау;

      зерттелетін фонограмманың сәйкестендірушілік зерттеу жүргізу үшін жарамдылығын анықтау;

Фонограммаларды сәйкестендірушілік зерттеу кезінде шешілетін міндеттер:

      зерттелетін фонограммада тіркелген дауыс пен сөздің, дауысы мен сөзінің салыстырмалы үлгілері сараптамалық зерттеу үшін ұсынылған адамға тиесілігі;

      фонограмманың дыбысжазуы ұсынылған дыбыс жазу құрылғысымен жүргізілгенін анықтау;

      зерттелетін фонограммада тіркелген акустикалық сигналдардың ішінен қандай-да белгілі бір (нақты) дыбыс көзін (бұл жағдайда эксперименттік үлгілер – зерттелетін объектіден шығатын дыбыстың жазбасы қажет) анықтау;

      зерттелетін фонограммадағы негізгі жазбаға ілеспе дыбыстардың шығу көзі мен сипаттамасын анықтау.

     Фонограммаларды жіктеушілік зерттеу кезінде шешілетін міндеттер:

      зерттелетін фонограммада жазылған әңгімеге қатысқан адамдардың санын анықтау.

Сот фонографиялық сараптамасын жүргізу кезінде шешілетін үлгілік (типтік) сұрақтар:

      зерттеуге ұсынылған әңгіменің (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен басталып, (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен аяқталатын әңгіменің сөзбе-сөз мазмұны қандай;

      ұсынылған фонограммада жазылып алынған (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен басталып, (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен аяқталатын әңгімеге қанша адам қатысқан;

      (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен басталып, (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен аяқталатын әңгімеге, оны жазу кезінде немесе одан кейін енгізілген монтаж бен өзгерістердің белгілері бар ма;

      жазба ұсынылған дыбыс жазушы аппаратурада орындалған ба;

      (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен басталып, (сөзі көрсетіледі) деген сөздермен аяқталатын зерттеу фонограммасында жазылған дауыс пен сөз белгілі бір тұлғаға тиісті ме.

Сараптамаға:

      сөз және өзге де дыбыс ақпараттары жазылған тасымалдаушы материалдарды, сондай-ақ дыбыс жазу құралдарын оралған және мөрленген күйінде;

      сараптамалық зерттеу үшін дауыс пен сөз үлгілерін (эксперименттік немесе шартты-еркін, еркін);

      аудио-, бейнежазба құралдарын тапсыру мен қайтару хаттамаларының көшірмелерін немесе зерттеуге ұсынылған объектілердің шығу тегі туралы ақпарат бар өзге де процестік құжаттардың көшірмелерін, қайта жазып алынған фонограммалардың көшірмелерін (егер бір тасымалдағыштан екіншісіне жазып алынған болса, хеш-жиынтығын көрсете отырып);

      қаулылардың немесе сараптамалық зерттеу үшін үлгілерді алу хаттамаларын, не ұсынылған үлгілердің шығу тегі туралы ақпараты бар өзге де процестік құжаттардың көшірмелерін;

      жасырын жазбаларды (стенограммаларды) немесе зерттелетін фонограмма мәтінінің сөзбе-сөз мазмұнын анықтау жөніндегі мәселе шешілген маманның/сарапшының қорытындысын қарап шығу және тыңдау хаттамаларының көшірмелерін;

      мәліметтерді құпиясыздандыру туралы процестік құжаттардың көшірмелерін;

      егер монтаждауға (аналогтық жазба бойынша) және техникалық құралдарды диагностикалауға қатысты сұрақ болса, онда оның көмегімен бастапқы және салыстырмалы фонограммалардың жазбалары орындалған дыбыс жазбасының техникалық құралдарын жолдау қажет.

          Сарапшы материалдарды сараптама жүргізу үшін қабылдаған кезде келіп түскен материалдарды анықтап, зеріттейді.

 

Түркістан облысы бойынша Сот сараптамалары институтының аға сарапшысы Майкотова Қымбат Құрманғалиқызы

 

Дата публикации
19 июля 2022
Дата обновления
19 июля 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
25 ноября 2025
⚡️Қазақстанда борышкерлерді «Цифрлық бақылау» арқылы іздеу іске қосылды
Пайдалы ақпарат
25 ноября 2025
Назар аударыңыз ! Алаяқтар туралы ескерту.
Талдамалық мақала
25 ноября 2025
⚡️ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӨРЕЛІКТЕ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы