Меню

Страницы

Статья

Мүлік иесі қайтыс болғаннан кейін мұраға алу құқығын қалай рәсімдеуге болады?

Мүлік иесі қайтыс болғаннан кейін мұраға алу құқығын қалай рәсімдеуге болады?

 

Мұрагерлік құқығының жалпы ережелерін білу бәрімізге керек, өйткені қайтыс болған адамның мүлкі мен мүліктік құқықтарының мұрагерге ауысуы арқылы кез-келген адам мұрагер болуы мүмкін. Алайда мұрагерлікке байланысты барлық мүмкін болатын жағдайларды алдын ала болжай алмайсың. Сондықтан да мұраға алу бойынша қандай да бір іс-әрекет жасамас бұрын заңгермен кеңескеніңіз жөн. Мүлік, соның ішінде жылжымайтын мүлік екі жолмен заң бойынша және мұра берушінің соңғы аманаты бойынша өсиет хат негізінде мұрагерлікке қалады. Заң бойынша мұрагерлік өсиет хат болмағанда немесе ол ҚР Азаматтық кодексінің ережесіне сай жарамсыз деп танылғанда қолданылады. Мұрагерлер заңда көрсетілген процедураға сай мұраға алуға шақырылады. Айта кету қажет, мұраға иелік етуге құқық мұрагердің азаматтығына қарамайды. Қазақстан Республикасының азаматы да, шетел азаматы да, тіпті мемлекет те мұрагер бола алады. Міндетті үлес құқығына мұра берушінің кәмелет жасқа толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ еңбекке жарамсыз әйелі мен ата-аналары ие (олар өсиет хаттың бар-жоғына қарамастан мүліктің белгілі бір бөлігін иемденеді). Мұраға алудың сегіз кезегі белгіленген. Кезектілік негізі туыстарды бір-бірінен бөлетін, туу санымен анықталатын туыстық деңгеймен анықталады. Заң бойынша әрбір келесі мұрагерлердің кезегі  алдыңғы кезекте мұрагерлер болмаған жағдайда ғана мұраға алу құқығына ие болады.

Ең бастысы – нотариуста құжаттарды рәсімдеу!

Мұраға иелік ету үшін мұрагер оны қабылдауы қажет. Мұрагер мұрагерлік іс ашылған күннен бастап, оны қабылдауды, әлде басқа мұрагерлердің пайдасы үшін одан бас таруды шешіп алуы қажет.  Мұраға иелік етуден бір рет бас тарту шешімі  кейін қайтадан өзгертілмейді. Мұраны қабылдау мұрагерлік іс ашылған жердегі нотариусқа мұраны қабылдау немесе мұрагерлі құқығы туралы куәлікті беруге өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлікке мұрагерлік құқықты нотариалдық тәртіппен рәсімдеу үшін келесі құжаттар қажет:

  • қайтыс болғандығы туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі;
  • мұра берушімен туыстық қатынасын растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (туу туралы, неке қию туралы куәлігі және т.б.);
  • пәтерге құқық белгілейтін құжаттар (сату-сатып алу құжаты, сыйға тарту және т.б.), үйдің мұрагерлік құқығын рәсімдеу үшін үйдің және жер теліміне құқық белгілейтін құжаттар.

 

 

Мерзімінде үлгерген маңызды!

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мұраны қабылдау мерзімі – мұрагерлік іс ашылғаннан бастап алты ай деп белгіленген. Мұрагерлік іс ашу мерзімі мұра берушінің қайтыс болған күнінен басталады. Мұрагерліктен бас тартуға да алты ай мерзім беріледі. Егер мұраға ие болу құқығы мұрагердің мұрадан бас тартуынан немесе басқа мұрагердің мұраны қабыл алмауынан кейін басқаларға берілген болса, бұл адамдар мұраны мұралық ету құқығы пайда болған күннен бастап алты ай мерзімінде қабылдай алады. Егер сіздің мұраны қабыл алу мерзіміңіз өтіп кеткен болса, не істеу керек?  Бұл жағдайда мерзімді қалпына келтіру туралы сотқа өтініш беру қажет. Егер мұрагер мерзімді белгілі себептермен өткізіп алған болса және де мерзімі өткеннен кейінгі алты ай ішінде сотқа жүгінген болса онда сот мұраны қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіреді және мұрагерді мұраны қабыл алды деп есептейді.

Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.

Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн.

 

Заң бойынша мұрагерлердiң бiрiншi кезегi

      Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.

       Мұра қалдырушының немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.

 

Заң бойынша мұрагерлердiң екiншi кезегі

      

        Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi - тең үлеспен алады.

       Мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастарының (сiңлiлерiнiң) балалары (мұра қалдырушының немере iнi-қарындастары, жиендерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.

     

Заң бойынша мұрагерлердiң үшiншi кезегi

      

        Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады.

       Мұра қалдырушының немере аға-iнiлерi, апа-қарындастары (сiңлiлерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.


Мұраға құқық туралы куәлiк беру

 

         Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшiмен оған мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк беруге мiндеттi.

          Мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн берiледi.

          Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiк кезiнде, егер нотариуста куәлiк берiлуiн сұраған адамдардан басқа тиiстi мүлiкке не бүкiл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлiк аталған мерзiм өткенге дейiн де берiлуi мүмкiн.

          Мұраға құқық туралы куәлiкті беру бойға біткен, бiрақ әлi туылмаған мұрагер болған кезде ол туылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

 

Дата публикации
22 июня 2021
Дата обновления
22 июня 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 ноября 2025
⚡️Қазақстанда борышкерлерді «Цифрлық бақылау» арқылы іздеу іске қосылды
Пайдалы ақпарат
25 ноября 2025
Назар аударыңыз ! Алаяқтар туралы ескерту.
Пайдалы ақпарат
25 ноября 2025
Жаңа цифрлық қызмет-ЖИ-құқықтық кеңесші

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы