Меню

Страницы

Статья

Кешенді әлеуметтік заң көмегі

Ұлттық құқықтың дамуының басты бағыты -  Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық идеяларын іске асыру болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы,  3-тармағына сәйкес әр адамда білікті заң көмегін алу құқығы бар. Заңмен көзделген жағдайларда, заң көмегі тегін көрсетіледі.

Алайда, азаматтардың барлығы бірдей заңгерлік кеңестер ала алмайды, сондықтан әлемдік тәжірибеде халықтың әлеуметтік  топтарын қолдаудың әртүрлі тәжірибесі бар. Осындай нысандардың бірі - ақысыз заңгерлік көмек.  Қазақстан Республикасында азаматтарға құқықтық көмек мемлекет кепілдік береді, ол Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңымен бекітілген.  Мемлекет кепілдік берген заң көмегі заңнамада көрсетілген белгілі бір жағдайларда ғана көрсетіледі және оны мемлекет төлейді. 

Білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын іске асыру кезінде азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге, сондай–ақ оны көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң әзірленіп және қабылданды.  Тұрғындар үшін тиімді енгізілген жаңалық «pro bono» тәжірбиесі. Ол дегеніңіз кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету ақысыз негізде, соның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтары  кіреді,  яғни  атап айтсақ, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға,  атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, жасына байланысты зейнеткерлерге, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектерге, қиын әлеуметтік және қаржылық жағдайда жүрген өзге де адамдар.

Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім (құқықтық жағдайды шешу) қабылдағанға дейін құқықтық сүйемелдеуге жағдай туғызуды белгілейтін заң көмегін көрсету болып табылады. Ескере кету керек, тегін заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу кезінде кәсіпкерлік қызметке байланысты дауларға көрсетілмейді. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету қызметі ерікті түрде және әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру болып табылады.

Осылайша, жан-жақты әлеуметтік-құқықтық көмек түрінде заң көмегінің түрін енгізу азаматтардың ақысыз, жоғары білікті заң көмегіне кең қол жетімді болуына ықпал етеді, бұл елдегі сот төрелігінің сапасының жалпы деңгейін көтеруге, азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Прогрессивті халықаралық тәжірибені енгізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қазақстандық құқықтық жүйені одан әрі жетілдіруге көмектеседі.

         Мұндай тәжірибе заңгерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттырады. Заң қызметтеріне халықтың қол жетімділігін арттырады, бұл ретте заңгерлердің өздерін көтермелеу мен жеңілдіктермен ынталандырады.

         «Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 ақпандағы №45 қаулысымен адвокаттардың, заң консультанттарының жоғары кәсіптік шеберлігі мен кешенді әлеуметтік заң көмегінің көрсетуге елеулі үлес қосқандығы үшін мемлекеттің ынталандыруы шаралары көзделген.

Түркістан облысы әділет 

департаментінің бас маманы

Б.Алтынбеков

Дата публикации
10 февраля 2021
Дата обновления
11 февраля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 ноября 2025
⚡️Қазақстанда борышкерлерді «Цифрлық бақылау» арқылы іздеу іске қосылды
Пайдалы ақпарат
25 ноября 2025
Назар аударыңыз ! Алаяқтар туралы ескерту.
Талдамалық мақала
25 ноября 2025
⚡️ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӨРЕЛІКТЕ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы