Меню

Страницы

Статья

Назар аударыңыз ! Алаяқтар туралы ескерту.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті азаматтарды алаяқтардың Әділет министрлігінің эмблемасын заңсыз пайдалана отырып өздерін сот орындаушылары ретінде таныстыратын әрекеттері жиілеп кеткені туралы ескертеді.
Алаяқтар өздерін сот орындаушысы ретінде көрсете отырып, азаматтарды есепшоттарды бұғаттаумен, мүлікке тыйым салумен және басқа да шаралармен қорқытып, «берешекті» шұғыл түрде өтеуді талап етеді. Мұндай айла-тәсілдерге алданбаңыздар!
Атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын https://aisoip.adilet.gov.kz сайтында:
– «Борышкерлер мен тыйым салулар тізілімі» немесе «Атқарушылық құжатты іздеу» бөлімінде;
– жеке ЭЦҚ-ны пайдалана отырып «Тараптар кабинеті» арқылы авторизация жасау арқылы;
– «Азаматтарға арналған» бөліміндегі байланыс деректері арқылы сот орындаушысына тікелей қоңырау шалу арқылы өз бетінше тексере аласыз.
Сондай-ақ, «Adilet» мобильді қосымшасы арқылы қол жеткізуге болады.
Қосымша ақпаратты Әділет министрлігінің және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының ресми сайттарынан білуге болады.
Заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін Комитет тек ресми дереккөздерге ғана сенуді және дербес деректерді үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуді ескертеді.
Сондай-ақ, құқықтық кеңесті 119 нөмірі бойынша Саll-орталықтан (Құқықтық ақпарат қызметі, Қазақстан бойынша стационарлық телефондардан қоңырау шалу арқылы), сондай-ақ 119 Kenesbot телеграм-арнасы немесе Қазақстан Республикасының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтындағы «Виртуалды кеңесші» айдары арқылы (http://adilet.zan.kz/rus) алуға болады.

Дата публикации
25 ноября 2025
Дата обновления
25 ноября 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 ноября 2025
⚡️Қазақстанда борышкерлерді «Цифрлық бақылау» арқылы іздеу іске қосылды
Пайдалы ақпарат
25 ноября 2025
Назар аударыңыз ! Алаяқтар туралы ескерту.
Пайдалы ақпарат
25 ноября 2025
Жаңа цифрлық қызмет-ЖИ-құқықтық кеңесші

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы