Меню

Страницы

Статья

Қазақстандықтар енді меншік иелері бірлестігін онлайн тіркей алады

ҚР Әділет министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Digital Justice портфелі аясында жаңа жобаны іске қосты. Енді қазақстандықтар МИБ (Меншік Иелері Бірлестігін) онлайн режимде тіркеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы ҚР ӘМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Бұрын қазақстандықтар МИБ тіркеу және оның төрағасын сайлау үшін үй тұрғындарымен бірнеше кездесіп, әділет органдарына тиісті өтініш беріп, көп уақыт жұмсаитын. Енді ұялы телефондағы мобилді қосымша арқылы онлайн-өтінім беруге болады. Бұл қызмет Управдом қосымшасында қолжетімді. Сондай-ақ, азаматтарға қолайлы болу үшін жобаны e-KNOT, AULA және т. б. сияқты басқа да IT-шешімдерде ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Талғат Уәлидің айтуынша, бұл жоба арқылы онлайн форматта дауыс беруге болады. Бұл тұрғындардың қолтаңбаларын онлайн жинауға, дауыстарды, кворумды автоматты түрде санауға және электрондық хаттаманы автоматты түрде толтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, үйдің төрағасы, хатшысы және Кеңес мүшелері қол қойған электрондық хаттама «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына МИБ электрондық тіркеу үшін жолданады. Жоба ең алдымен МИБ қызметінің ашықтығы, алаяқтық әрекеттерді болдырмау, үйді басқару кезінде процестерді автоматтандыру, қағаз құжат айналымынан арылуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, азаматтарға қолайлы болу үшін басқа да IT-шешімдерді ұлғайту бойынша жұмыстар жалғаса бермек. Әділет министрлігі халыққа қызмет көрсетуді жақсарту үшін реформаны іске асыруды одан әрі жетілдіре береді, деді Талғат Уәли.

Дата публикации
16 марта 2023
Дата обновления
16 марта 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 ноября 2025
⚡️Қазақстанда борышкерлерді «Цифрлық бақылау» арқылы іздеу іске қосылды
Пайдалы ақпарат
25 ноября 2025
Назар аударыңыз ! Алаяқтар туралы ескерту.
Пайдалы ақпарат
25 ноября 2025
Жаңа цифрлық қызмет-ЖИ-құқықтық кеңесші

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы