Нотариустар тарапынан шығарылатын атқарушылық жазбаларының көшірмелерін борышкерлерге беру тәртіптері.
Нотариуспен борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін тиісті белгі қойылатын, берешекті белгілейтін төлнұсқа құжат көрсетілген кезде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде атқарушылық жазба жасалады.
Атқарушылық жазба жасағаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей көшірмесін электрондық почта мекенжайы бойынша немесе борышкердің соңғы белгілі тұрғылықты (орналасқан) немесе тіркелген жері бойынша беру туралы хабарламамен жеткізуді тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкерге табыс етеді немесе жібереді.
Атқарушылық жазбаның көшірмесін борышкерге тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына; соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша адаммен тұрып жатқан басқа адам алған болса; жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса ол алынды деп есептеледі.
Хабарламаны қабылдаудан бас тартуға байланысты адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен хабарлама қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі.
Атқарушылық жазбаға қатысты ілеспе хат шығыс құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және жеткізу бойынша шығындарды өндіріп алушы дербес төлейді.
Атқарушылық жазбаны пошталық хабарламаға сәйкес табыс еткен не өзге де байланыс құралдарын пайдалану кезінде жеткізуді тіркеген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін және борышкер тарапынан қойылған талаптарға қарсылықтар туралы жазбаша өтініш болмаған кезде нотариус өндіріп алушыға оны сот орындаушысына орындауға борышкердің тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бойынша орындауға не оның өтініші бойынша тиісті әділет органына электрондық түрдегі электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырған атқарушылық жазбаны БНАЖ арқылы "Атқарушылық іс жүргізу органдары" мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде нақты сот орындаушысына не өңірлік палатаға береді.
Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы.
Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиіс
Егер борышкерден он жұмыс күні ішінде өзіне қойылған талапқа жазбаша қарсылық келіп түссе, нотариус мәлімделген талапқа қарсы қарсылық алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады.
Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы дау айтуға жатпайды. Егер жасалған атқарушылық жазба борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оған дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулының көшірмесі шығарылған күнінен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей өндіріп алушыға, борышкерге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс. Егер жасалған атқарушылық жазба борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оған дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады.
К.Мырзатаева
Түркістан облысы Әділет департаментінің жетекші маманы, Қазақстан Заңгерлер Одағы РҚБ Түркістан облысы филиалының мүшесі,