2026 жылдың 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі жаңартылып, іріктеу процесі толық автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар мемлекеттік тілді және заңнаманы білуге арналған тестілеуден, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалау тестілеуінен өтуі тиіс.
Заңнаманы білуге арналған Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша жүргізіледі.
Барлығы 55 сұрақтан тұратын тестілеуде кемінде 30 дұрыс жауап беру қажет және әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша кемінде 5 дұрыс жауап болуы тиіс.
Жеке қасиеттерді бағалау тестілеуі үш бағдарлама бойынша бойынша өткізіледі:
Бірінші бағдарлама басшылық лауазымдарға арналған және онда көшбасшылық, стратегиялық ойлау, жауапкершілік, нәтижеге бағдарлану сияқты 10 құзырет бағаланады.
Екінші бағдарлама басшылық емес лауазымдарға арналған және онда проактивтілік, коммуникативтілік, талдамалық ойлау, әдептілік, нәтижеге бағдарлану сияқты 7 құзырет бағаланады.
Үшінші бағдарлама жұмыс өтілін талап етпейтін төменгі әкімшілік лауазымдарға арналған, онда үміткердің эмоционалдық, әлеуметтік және логикалық ойлау қәбілеті бағаланады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері мен жеке қасиеттерді бағалау қорытындылары тест тапсырылған күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.
Осы мерзім ішінде кандидаттар мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған конкурстарға қатыса алады.
Сонымен қатар, жеке қасиеттерін бағалау тестілеуінен ай ішінде үш ретке дейін тапсыруға мүмкіндік беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін ең жоғары балл жинаған 5 кандидат жіберіледі.
Құжаттар онлайн тапсырылады.
Іріктеу кезеңдері:
-басшылар: эссе және онлайн сұхбат;
-басқа лауазымдар: практикалық тапсырмалар;
Конкурс мерзімі қысқарды.
Конкурстық рәсімдердің жалпы мерзімі 5–7 жұмыс күнін құрайды (құжаттарды қабылдау және қарау – 3 жұмыс күні, конкурс кезеңдері 3–4 жұмыс күні).