Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2023 жылғы «03» сәуірдегі
№68-н бұйрығына
13 қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Түркістан облысының Әділет департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
құқықтары мен міндеттері
1) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді, Түркістан облысы мәслихатының, әкімдігінің, әкімінің және тексеру комиссиясының нормативтік құқықтық актілерін есептік тіркеуді жүзеге асыру;
2) құқықтық көмекті ұйымдастыру және заң қызметтерін көрсету, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асыру;
6) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Департамент өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратып алуға;
2) оған берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
3)Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн талап қойып, сотқа жүгiнуге;
4) заңда белгiленген жағдайларда және тәртiппен әкiмшілiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды және iстердi қарайды, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариустардың және заң консультанттары палаталарының қызметіне бақылау жасауға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;
7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық қызметтерді көрсетуге;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
- мемлекеттік тіркеу саласында:
1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын мемлекеттік тіркеу, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін қағаз түрінде жүргізу;
2) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, мемлекеттік тіркеуді және олардың күшін жоюды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау саласында жергілікті мемлекеттік басқару органдарында бақылауды жүзеге асыру;
3) «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 14-бабында көзделген негіздемелер бойынша нормативтік құқықтық актілерге қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар енгізу;
4) жергілікті мемлекеттік басқару органдары қабылдаған актілердің тізбелерін зерделеу;
5) әділет органдары тіркеген нормативтік құқықтық актілерге қатысты енгізілген прокурорлық қадағалау актілері бойынша прокуратура органдарымен тоқсан сайын және жылдық салыстыруларды жүргізу;
6) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауды әкімшілік істерді қарау;
7) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
8) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді жүзеге асыру;
9) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметіне мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыру;
10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жіберу;
12) азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылауды жүзеге асыру;
- заң қызметтерін ұйымдастыру саласында:
13) тағылымдамадан өткен және нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу;
14) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде Нотариаттық палатамен бірлесіп нотариаттық іс-әрекеттер жасауды ұйымдастыру;
15) нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндіру материалдарымен қамтамасыз ету;
16) Министрлікке нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және оның күшін тоқтату туралы ұсыну енгізу;
17) Нотариаттық палатамен бірлесіп тиісті нотариаттық округте өз қызметін тоқтатқан нотариустың мөрін жою және құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық мұрағатқа беру жөнінде, сондай-ақ егер нотариус лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жағдайда оны лицензиарға беру үшін лицензияны алып қою жөнінде шаралар қабылдау;
18) жеке нотариусты жауапкершілікке тарту туралы нотариаттық палатаға ұсыным енгізу;
19) жекеше нотариустардың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру және өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтарған және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарын бұзатын жекеше нотариустарға шаралар қолдану;
20) жеке практикамен айналысатын нотариустар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және іс жүргізу қағидалары бойынша жасаған заңдылығын бақылауды жүзеге асыру;
21) жеке және заңды тұлғаларға адвокаттар, нотариустар және заң консультанттары көрсететін заң қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
22) Министрлікке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы ұсыным енгізу және адвокаттың лицензиясынан айыру туралы талап қоюға бастамашылық жасау жөнінде ұсыным енгізу;
23) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әділет органдары мен өзге де әділет органдарынан және сол аумақтың нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
24) нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты сақтауын қамтамасыз ету;
25) нотариустың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
26) аумақтық нотариаттық палаталардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
27) Министрлікке аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекіту туралы ұсыныс енгізу;
28) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету субъектілерінің қызметін үйлестіру, сондай-ақ көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
29) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы халықты құқықтық ағартуды және құқықтық хабардар етуді қамтамасыз ету;
30) 1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенциялар шеңберінде құқықтық көмекті ұйымдастыру;
31) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың және заң консультанттарының тізімін өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
32) құқықтық насихатты үйлестіруді жүзеге асыру, заңнаманы түсіндіруге қатысу;
- зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету саласында:
33) Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасын сақтау бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;
34) зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қолдану практикасын қорыту;
35) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру және құқықтық түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету және жүргізу, осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар ету;
- атқарушылық құжаттарды орындау саласында:
36) атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету (ұйымдық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, талдау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);
37) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізу;
38) Министрлікке жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыным енгізу;
39) жеке сот орындаушысын жауапкершілікке тарту туралы тәртіптік комиссияға ұсыным енгізу;
40) Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жасалатын атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығын, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
41) тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу;
42) алименттер мен жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау шеңберінде көрсетілетін жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді қаржыландыруға бағытталатын республикалық бюджет қаражатынан ақы төлеуді жүргізу;
43) өндіріп алушылардың, лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының пайдасына өндіріліп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығару;
44) жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
45) жеке сот орындаушыларының жұмыс тәжірибесін қорыту;
46) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 148-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асыру;
47) жеке және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушылары қызметінің мәселелері бойынша өтініштерін қарау;
48) жеке сот орындаушылары жасаған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
49) Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының отырыстарына қатысу;
50) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, олардағы сын-ескертпелерді талдау және қорыту, жұмысты жетілдіру әрі жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын тудыратын себептерді жою мақсатында қоғамдық пікірді зерделеу.
1) өз құзыретінің шегінде Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) Департаменттің қызметкерлерін, Департамент басшысының орынбасарларын, сондай-ақ Сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдердің басшылары мен қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, дайындау (қайта дайындау), біліктіліктерін арттыру, ынталандыру, оларға үстемеақылар мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
3) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері, Сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдер туралы ережелерді бекітеді;
6) өз өкілеттіктері шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің атынан өкілдік етеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін атқаруды оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алмастыратын адам жүзеге асырады.
Департамент мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Департаменттің қарамағындағы аумақтық
бөлімшелердің тізбесі
1.Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Түркістан облысының Әдiлет департаментi Кентау қаласының ауданаралық әділет басқармасы.
2.Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі Түркістан облысының Әділет департаментi Жетісай ауданаралық әділет басқармасы.
3.Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі Түркістан облысының Әділет департаментi Ордабасы ауданаралық әділет басқармасы.
4.Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі Түркістан облысының Әділет департаментi Сайрам ауданаралық әділет басқармасы.
5.Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі Түркістан облысының Әділет департаментi Сарыағаш ауданаралық әділет басқармасы.
6.Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi Түркістан облысы Әдiлет департаментiнің филиалы «Кентау ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі».
7.Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi Түркістан облысы Әдiлет департаментiнің филиалы «Жетісай ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі».
8.Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi Түркістан облысы Әдiлет департаментiнің филиалы «Ордабасы ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі».
9.Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi Түркістан облысы Әдiлет департаментiнің филиалы «Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі».
10.Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi Түркістан облысы Әдiлет департаментiнің филиалы «Сарыағаш ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі».
11.Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi Түркістан облысы Әдiлет департаментiнің филиалы «Түркістан облыстық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі».