Түркістан облысының Әділет
департаменті басшысының
2021 жылғы 25 қазандағы
№619-н бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы
Әділет департаментінің «Түркістан облыстық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалы туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаментінің «Түркістан облыстық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалы (бұдан әрі – Филиал) мәртебесі мен құзыретін айқындайды.
Филиалдың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 161200, Түркістан облысы, Түркiстан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 16.
қазақ тілінде - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаментінің «Түркістан облыстық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалы.
орыс тілінде – Филиал Департамента юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан «Территориальный отдел по исполнению судебных актов Туркестанской области».
ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңымен жүктелген азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдерінің, ұйғарымдарының және қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды, қылмыстық істердің мүліктік өндіріп алу бөлігі бойынша үкімдер мен қаулыларды, сондай-ақ басқа да органдардың қаулыларын міндетті және уақытылы орындау жөніндегі міндеттерді заңмен белгіленген мерзімде жүзеге асыру;
мемлекеттік саясатты іске асыру және қалыптастыру, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;
өз құзыреті шеңберiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу;
өз құзыреті шеңберiнде прокурорлық ықпал ету актілерiн қарастыру;
атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жүгінулерді, өтiнiштерді және өтiнiмдердi уақытылы қарастыру;
атқарушылық өндірісті уақытылы орындауды қамтамасыз ету;
азаматтар мен мекемелердің өтініштерін қарауды;
атқарушылық өндірістердің есебін қамтамассыз ету және санын бақылау, ведомствалық мұрағатты дұрыс деңгейде жүргізуді;
сот орындаушылардың жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізуді;
сот актілерін орындау мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндірме құжаттарын әзірлеуді;
атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен, жергiлiктi соттармен және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты, түсiніктемелерді және анықтамаларды алу;
ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңына сәйкес меншіктің кез-келген нысанындағы ұйымдарға тексеру жүргізу;
ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес тәркіленген мүлікті Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне және жергілікті атқарушы органдарға өткізу;
тұрақты негізде қолданыстағы заңнаманы зерделеу және кәсіби деңгейді жоғарылату;
атқарушылық іс жүргізудің тараптарын белгіленген уақытта жеке қабылдау;
атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамамен қаралған басқа да атқарушылық әрекеттерді іске асыру.
Филиалдың заңдармен белгіленген тәртіпте мынадай құқықтары бар:
егер атқарушылық құжатты орындау барысында жекелеген атқарушылық әрекеттер жасау қажеттілігі туындаған жағдайда басқа қаланың немесе ауданның сот орындаушысына тапсырма беруге;
атқарушылық құжаттардың негізінде атқарушылық әрекеттер жасау кезінде сол құжаттар түсініксіз болса, түсініктеме алу үшін атқарушылық құжатты берген сотқа немес өзге органдарға жүгінуге;
Сот актілерін орындаудан қасақана бас тартқан тұлғаларды әкімшілік және қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге.
3.Департаменттің функциясы мен құқықтары
атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, тыйым салынған борышкерлердің мүлкімен жұмыс жасау);
атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлейді;
атқарушылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды жүргізеді;
мемлекеттік сот орындаушының жауапкершілігін қарау бойынша тәртіптік кеңеске ұсыныс енгізуге;
өз құзыреті шеңберiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу;
жекелеген негіздер бойынша тәркіленген, республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін уақытылы және тиісінше қарайды;
атқарушылық өндірістердің есебін қамтамасыз ету және санын бақылайды, ведомствалық мұрағатты дұрыс деңгейде жүргізеді;
білікті кадрларды іріктеу және тағайындау, кадрлық резервті құрады;
сот орындаушыларының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
сот орындаушылардың аумақтық бөлімдерін қажетті деңгейде материалдық-техникалық қамтамасыз етеді;
сот орындаушылардың жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша талдау жүргізеді және ұсыныстар енгізеді;
сот орындаушылардың біліктілігін көтеру бойынша шаралар қолданады;
жасалған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығына және мемлекеттік сот орындаушыларының іс жүргізу ережесінің сақталуын бақылайды;
мемлекеттік сот орындаушыларының Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының талаптарын және атқарушылық өндірісі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының өзге де нормаларын сақтауын бақылайды.
4.Филиалдың жұмысын ұйымдастыру
1) өзі басқаратын аумақтық бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, бақылайды және мемлекеттік сот орындаушыларына жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болады;
2) мемлекеттік сот орындаушылардың функциялары мен міндеттерін айқындайды;
3) уәкілетті және аумақтық органдардың бұйрықтарын, әдістемелік ұсынымдарын, нұсқауларын және өкімдерін орындауды ұйымдастырады;
4)сот орындаушыларының әрекеттеріне жасалған жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін шешуді жүзеге асырады, оларды қабылдайды;
5) аумақтық бөлімнің қызметі туралы статистикалық есептілікті қалыптастырады және іс жүргізу мен мұрағат жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
6) осы Заңмен қаралған атқарушылық әрекеттерді іске асырады;
7) Қазақстан Республикасының заңдарымен қаралған басқа да әрекеттерді іске асырады.
__________________________________