Түркістан облысы Әділет департаменті жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау үшін 21.11.2022 жылдан бастап олардың құжаттарын қабылдау басталғанын хабарлайды.

Түркістан облысы Әділет департаменті жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау үшін 21.11.2022 жылдан бастап олардың құжаттарын қабылдау басталғанын хабарлайды.

Аттестаттауға жеке сот орындаушысында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы №95 бұйрығымен бекітілген тәртіппен тағылымдамадан өткен, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі. Тиісті біліктілік талаптары «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140 бабында көзделген:

  1. Жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады.
  2. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;заңда белгiленген тәртiппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, мұндай оқиғалар болғаннан кейiн үш жыл iшiнде;теріс себептермен мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарынан шығарылған адам шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде;"Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья лауазымынан босатылған адам босатылған күннен бастап бір жыл ішінде;жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін бергенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жазаланған;психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;осы Заңның 144-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысының лицензиясынан айырылған адам сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде жеке сот орындаушысы бола алмайды.

Үміткер (немесе оның өкілі) жүгінген кезде «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметіменайналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2022 жылдың          желтоқсан айының 09-на дейін қабылданады.

Туындаған сұрақтар бойынша Түркістан облысы, Түркістан қаласы,                  Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 16 орналасқан Түркістан облысының Әділет департаментіне жүгіне аласыз немесе 8 /72533/ 5-84-11, 8-747-760-10-30 телефондар арқылы хабарласуға болады.

"Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға үміткер
адамдарды аттестаттаудан
өткізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
2-қосымша

 

 

Нысан

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер  адамдарды аттестаттау үшін өтініш

      _______________________________________________________________________________

      Жеке сот орындаушысықызметіменайналысуғаүміткерадамдарды

      аттестаттаужөніндегі комиссия төрағасына

      ________________________________________________________________________________

      (жекетұлғаның, аты, әкесiнiңаты (болғанжағдайда),

      тегi), жекесәйкестендірунөмірі)

  1. Жеке сот орындаушысықызметіменайналысуғаүміткерадамдардыаттестаттауғаменіжіберудісураймын

      1) Дипломы туралымәліметтер:

  1. Жоғарыоқуорныныңатауы _________________________
  2. Мамандықшифрі _______________________
  3. Дипломныңнөмірі_______________________
  4. Дипломныңберілгенкүні ____________________________

      2) "Білімтуралы" ҚазақстанРеспубликасыЗаңынасәйкеснострификациялаунемесе

      танурәсімдеріненөткенінрастайтынқұжат:

      Сериясыжәненөмірі ___________________________________________

      3) Тағылымдамаданөткенітуралықорытынды:

  1. Тағылымдамаданөткенітуралықорытындыныбекітукүні _____________
  2. ________________ облысының/қаласыныңжеке сот орындаушыларыныңөңірлікпалатасы
  3. Тағылымдаманыңжетекшісі____________________________________
  4. Тағылымдаманыңбасталукүні____________________________________
  5. Тағылымдаманыңаяқталғанкүні _________________________________

      Жеке тұлғаныңтұрғылықтыжері, мекенжайы _______________________, электрондық

      поштасы _____________, байланыс телефоны__________________

      Осымен:

      көрсетілгенбарлықдеректердіңресмибайланысболыптабылатындығыжәнеаттестаттауғажіберілгенінемесеодан бас тартумәселелерібойынша, сондай-ақлицензияныжәне (немесе) лицензияғақосымшаны беру немесеберуден бас тартумәселелерібойыншакезкелгенақпараттыжіберугеболатыны;

      өтінішберушігеқызметтіңлицензияланатынтүріменжәне (немесе) кішітүріменайналысуғасотпентыйымсалынбағаны;

      осы өтініштекөрсетілгенбарлықдеректершынайы, ұсынғандеректерүшінжекежауаптыболатыны;

      өтінішберушініңлицензияныжәне (немесе) лицензияғақосымшаны беру кезіндеақпараттықжүйелердеқамтылған, заңменқорғалатынқұпиянықұрайтынқолжетімділігішектеулізаңменқорғалатынқұпиянықұрайтындербесдеректердіпайдалануғакелісімінберетіні;

      денсаулықсақтауұйымдарына "Наркологиялықнауқастартізімі" және "Психикалықнауқастартізімінен" диспансерлікесептетұрғандығытуралыанықтамаалуүшінэлектрондытүрдесұраусалуғажәненәтижелерінкөрсетілетінқызметтіберушігеберугекелісетінірасталады.

      ______________________________________________

      (ЭЦҚ) (тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда)

      Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" ___________

 

 

Дата публикации
21 ноября 2022