СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МЕН БОЛДЫРМАУҒА ЖӘНЕ ӘДЕПТІЛІК НОРМАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

 

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МЕН БОЛДЫРМАУҒА ЖӘНЕ ӘДЕПТІЛІК НОРМАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

ЖӨНІНДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ

МЕМОРАНДУМ      

 

Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы және Түркістан облысының Әділет департаментімен бірлесе департамент қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен болдырмауға және Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру бағытында қарым-қатынас орнату арқылы іс-шаралар ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум (әрі қарай - Меморандум) жасады:

1.Меморандумның мәні

Тараптар арасындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамаларға сүйене отырып, өзара сенім білдіріп, мынадай бағыттар бойынша іс-шараларды жүзеге асырады:

2.Тараптардың міндеттері

1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің талаптарының сақталуына және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикалық жұмысын жақсарту аясында бірлескен құқықтық түсіндіру (дөңгелек үстел, семинар-кеңестер, тәжірибелік конференцияларт.с.с.) жүргізуді;

2) Әділет органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен осы санаттағы қылмыстарды және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзу фактілерін алдын-алу және болдырмау үшін бірлескен іс-шаралар өткізуді;

3) Тараптар арасындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасының                2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының принциптері негізінде және қолданыстағы заңдылықтарды, жариялықты, қоғамның сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін барынша азайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыру мақсатында бірлесе жоспар түзе отырып, мақұлданған талаптарды орындауды;

4) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Әділет департаменті қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша сотқа жолданған немесе ақталмайтын негіздермен тоқтатылған қылмыстық істер бойынша                        әр тоқсанына бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін салыстыру актісін жүргізуді;

5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа мемлекеттік органдар мен халық арасында жариялылық жұмыстарын қамтамасыз етуді;

6) Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында қолданыстағы заңнамалар аясында құпия ақпараттардан басқа талдау жұмыстарын жүргізіп, өзара ақпараттар алмасуды;

7) Тараптар тоқсан сайын профилактикалық іс-шаралар өткізу жасалып жатқан шаралардың тиімділігі туралы, соның ішінде келіп түскен өтініштер бойынша, аталмыш құқық бұзушылықтардың туындауына себеп болған жағдайларды жоюды;

8) Тараптар Меморандумда көрсетілген іс-шаралардың заң талабына сәйкес, уақытылы және сапалы орындалуын ықпал жасауды.

  1. Меморандумға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1) Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумға жазбаша нысанда қол қою арқылы өзгерістермен толықтырулар енгізіледі;

2) Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Тараптар өкілдерінің келіссөздері мен консультациялары арқылы шешілетін болады.

  1. Меморандумның күшіне енуі және тоқтатылуы

1)  Осы Меморандум қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

2) Меморандум шектеусіз мерзімге құрылады және Тараптардың бірі осы Меморандумның қолданылуын тоқтату туралы жазбаша ниетін білдірген жағдайда, қалған Тараптар келіссөздер жүргізіп, жазбаша хабарлама берілген күннен бастап өзінің қолданысын тоқтатады.

  1. Қорытынды ережелер

1) Тараптармен Шымкент қаласында 27.12.2018 жылы қол қойылған  Меморандумның күші жойылсын.

2) Бекітілетін Меморандумның бірдей күші бар мемлекеттік тілде 4 (төрт) түпнұсқалық данада әзірленеді және әр  қайсысының бірдей заңды күші бар.

3) Тараптармен бірлескен ынтымақтастық туралы Меморандуммен келісе отырып, 

 

Түркістан қаласында  «­­­­­­­____»____________20___ жылы қол қойылды.

 

Дата публикации
01 декабря 2021