Түркістан облысының
Әділет департаменті басшысының
2021 жылғы 25 қазандағы
№618-н бұйрығының
4-қосымшасымен бекітілді
Түркістан облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
1.Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі (әрі қарай - бөлім) Түркістан қаласының Әділет департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады.
2.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Әкімшілік рәсімдік-процестік» және Азаматтық Кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «Әділет органдары туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Жарлықтары мен қаулыларын, Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрықтары мен нұсқауларын және Түркістан облысының Әділет департаментінің Ережесін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3.Бөлімнің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен, яғни Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бекітіледі.
4.Бөлімнің құрамы: 1 бірлік бөлім басшысы, 5 бірлік бас маман, 1 бірлік жетекші маман.
2.1. Бөлімнің міндеттері
1) Түркістан облысы және Түркістан қаласы аумағы бойынша коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді (коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуді қоспағанда) жүзеге асыру;
2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жүзеге асыру;
3) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді (коммерциялық ұйымдарды) тіркеуге бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
4) Азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылайды;
5) Тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
6) Әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қояды.
7) Нормативтік құқықтық актілер дайындау және заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
8) Департамент басшысының және оның орынбасарының тапсырмасы бойынша бөлімнің міндеттерінен туындайтын өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
2.2. Бөлімнің функциялары
1) Заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркейді;
2) Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама береді;
3) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдарын жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді (коммерциялық ұйымдарды) мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етеді;
6) Ауданаралық әділет басқармаларының қызметіне тексерулер жүргізеді;
7) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметіне мемлекеттік бақылайды, оның қызметін құзыреті шегінде тексеруді жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы заңнамасындағы бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жібереді;
8) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, бөлімге жүктелген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету процесстердің автоматтандыру және оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдайды;
9) Азаматтық хал актілер және апостильдеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
10) Өз өкілеттігі шеңберінде АХАТ АЖ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы енгізілген ақпараттың сапасын бақылайды, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді, сонымен қатар Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңының талаптарына сәйкес келуіне азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша функцияларын жүзеге асыратын тіркеуші органдарды тексереді, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу куәліктерінің өндірісіне арналған жиынтық өтінімдерді дайындайды;
11) Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу сұрақтары бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін нормативтік-әдіснамалықты қамтамасыз етеді;
12) Азаматтық, отбасылық істер бойынша құқықтық көмек көрсету сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасы шарт жасасқан халықаралық шарттарды іске асырады;
13) Жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қызметтерін әдістемелік қамтамасыз етеді;
14) Азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардың қызметін қамтамасыз етеді;
15) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді жергілікті атқарушы органдармен беру тәртібіне бақылауды жүзеге асырады;
16) Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тіркеуші органдарға барып және бармай профилактикалық бақылау жүргізеді;
17) Айлық, тоқсандық және жылдық есептерді қалыптастырады;
18) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде қарайды;
19) Өз құзыреті шегінде құқықтық көмек және құқықтық насихат жүргізеді;
20) Акт жазбаларының екінші даналары, қорытындылары және елтаңбалы бланкілерінің мұрағатының жұмысын қамтамасыз етеді;
21) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне айлық, тоқсандық және жылдық есептерді жолдайды;
22) Жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобасына ұсыныстар енгізеді;
23) Бөлімге жетекшілік ететін департамент басшысының орынбасарының тапсырмаларын орындайды;
24) Ауданаралық әділет басқармаларының, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және бөлімнің жұмыстары бойынша талдау және жинақтау жүргізіп, олар бойынша ақпараттық, талдау материалдарын және басқа да есептік ақпарат әзірлейді;
25) Өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;
3.1.Бөлім қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі құқықтарға ие:
1)Мемлекеттік корпорациясының аумақтық бөлімшелерінен құжаттар, анықтамалар, есептер, анықтамалық-талдау ақпаратын, ауызша және жазбаша түсініктемелер және басқада материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға арналған мәселелерді шешуде департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерінен қажетті көмек алуға;
2)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды қағаз және (немесе) электрондық түрде сұрату және алуға;
3)Азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделерін, құқықтарын, бостандықтарын қорғау, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік мүддені қорғауда Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56-бабында белгіленген тәртіпте сотқа талап арызбен жүгінуге;
4) Әкімшілік іс жүргізу, сондай-ақ оны басшылық қарау үшін әкімшілік іс жүргізу жөнінде қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асыру, жергілікті атқарушы органдардан (АХАТ) белгіленген мерзімде жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттар, құжаттар мен басқа материалдарға сұрау салуға және алуға;
5) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Еңбек Кодексінің талаптарын сақтау;
6) Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңында, Министрлік туралы Ережеде және қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3.2. Бөлім қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі міндеттерді орындайды:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге;
3) Бөлім құжаттарының сақталуына және департаменттің мұрағатына тапсырылуын қамтамасыз етуге;
4)Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Министр мен Жауапты хатшының, департамент басшысының актілеріне және тапсырмаларына сәйкес басқа да міндеттерді орындауға.
1) Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президент актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
2) Бөлім басшысы департамент басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штат кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
3) Бөлімнің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің, департамент басшысының актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға үшін қажетті өкілеттіктері бар.
4) Бөлімді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлім басшысы басқарады.
5) Бөлім басшысы бөлімнің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындау және онымен өз функцияларын іске асыру үшін дербес жауапкершілік атқарады.
Бөлім басшысы осы мақсатта:
6) Бөлімнің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, департамент басшысының тапсырмаларының сапалы және уақытылы орындалуын, орындаушылық және еңбек тәртіптерін сақталуын қамтамасыз етеді;
7) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттерін айқындайды;
8) Бөлім қызметкерлерін марапаттау мен жауапкершілікке тарту, сондай-ақ ауыстыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
9) Қазақстан Республикасы Конституциясына, «Әділет органдары туралы» Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.
10) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық және аумақтық бөлімшелерге жолданатын құжаттарға бөлім басшысы, ал ол жоқ кезде, оны ауыстырушы тұлға қол қояды.
_______________________