Түркістан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Түркістан облысының                                               

Әділет департаменті басшысының

2021 жылғы  25 қазандағы

№618-н бұйрығының    

                                                                                 5-қосымшасымен  бекітілді

 

Түркістан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.Жалпы ережелер

 

  1. Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімі (әрі қарай– бөлім) Түркістан облысының Әділет департаментінің құрылымдық бөлімі болып  табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Әкімшілік рәсімдік-процестік» және Азаматтық Кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «Әділет органдары туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Нотариаттық қызмет туралы», «Адвокаттық қызмет заң көмегі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Жарлықтары мен қаулыларын, Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрықтары мен нұсқауларын және Түркістан облысының Әділет департаментінің Ережесін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамды бекітеді.
  4. Бөлімнің құрамы: 1 бірлік бөлім басшысы, 4 бірлік бас маман, 1 бірлік жетекші маман.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

          Бөлімнің міндеттері:

         1) Құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

         2) Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жүзеге асыру;

          3) Департамент басшысының тапсырмасы бойынша бөлімнің міндеттерінен туындайтын өзге де міндеттерді жүзеге асырады. 

 

Бөлімнің функциялары:

         1) Нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер және тағылымдамадан өткен адамдарды аттестаттаудан өткізеді;

         2) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекет жасауға уәкілетті лауазымды адамдарды аттестациялауды жүргізеді;

         3) Нотариаттық палатамен бірлесіп жекеше нотариустың қызмет аумағын анықтайды;

        4)  Мемлекеттік нотариаттық кеңселерді ашады және таратады;

        5) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес мемлекеттік нотариустардың мөрлерін жасауға тапсырысты жүзеге асыру және оларды береді;

        6) Нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық іс-әрекеттердің жасалуын ұйымдастырады;

        7) Нотариат  мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндірме материалдарымен қамтамасыз етеді;

        8) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыратын лауазымды адамдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

        9) Халықты мемлекеттік және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы үнемі ақпараттандырады;

       11) Нотариустың лицензиясын тоқтата тұру, айыру және қолданылуын тоқтату туралы Министрлікке ұсыныс енгізеді;

       12) Нотариаттық палатамен бірлесіп, тиісті нотариаттық округте өз қызметін тоқтатқан нотариустың мөрін жою және құжаттарын басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру жөнінде, сондай-ақ егер нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтаған жағдайда оны лицензиарға беру үшін, лицензияны алу жөнінде шара қабылдайды;

       13) Нотариаттық палатаға жекеше нотариусты жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді;

       14) Жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру және өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаудан бас тартқан және Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңнамасының өзге де талаптарын бұзатын жекеше нотариустарға шара қолданады;

       15) Нотариустар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының лауазымды адамдары жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және олардың іс жүргізуінің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

       16)Адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заң көмегінің сапасын бақылайды;

       17) Адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясының мерзімін тоқтата тұру туралы және адвокаттың лицензиясын тоқтату туралы талап арызға бастамашылық ету туралы ұсыныстарды Министрлікке енгізеді;

       18) Құқықтық насихат жұмыстарын ұйымдастырады;

       19) Нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

       20) Нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

       21)Аумақтық нотариаттық палатаның қызметін бақылауды жүзеге асырады;

       22)Аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп Министрлікке әрбір нотариаттық округтегі нотариустардың ең аз санын бекіту туралы ұсыныс енгізеді;

       23) Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субьектілердің қызметін үйлестіруді, сондай-ақ көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;

       24)Халықты мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы құқықтық сауаттандыруды және оларға құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

       25)1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы  7 қазандағы қылмыстық, отбасылық және азаматтық құқықтық қатынастар бойынша және құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясы шегінде құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

       26)Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар каланың аумағында таратылған мерзімді баспа басылымында жариялайды және         интернет-ресурсына орналастырады;

         27)Терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастырады;

        28)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады.

 

        Бөлімнің құқығы:

        Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

        1) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бақылауды және ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;

        2)Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте өзге мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды және материалдарды қағаз жүзінде және (немесе) электронды тасымалдаушы арқылы сұрата және ала алады;

       3)Бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыруға қажетті ақпараттарды, құжаттарды, анықтамаларды, есептерді, есептеулерді, ауызша және жазбаша түсіндірмелермен өзге де материалдарды департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінен және ведомствалық бағынысты ұйымдарынан уақытылы сұрата ала алады;

       4)Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша сапасыз, мерзімін өткізіп алған материалдар туралы баяндамаларды Департаменттің басшысы және жетекші орынбасарының атына енгізу;

       5)Өз құзыреті шеңберінде департаменттің құрылымдық бөлімдеріне, аумақтық органдарына және ведомствалық бағынысты ұйымдарына орындау үшін міндетті нұсқаулар беру;

       6)Департамент мүддесін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда өтетін кеңестерге қатысу;

        7) Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерніе сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

        2.Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.

        3.Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

          Осы мақсатта бөлім басшысы:

      1) Өз қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) Бөлімнің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, департамент басшысының тапсырмаларының сапалы және уақытылы орындалуын, орындаушылық және еңбек тәртіптерін марапаттау мен жауапкершілікке тарту, сондай-ақ ауыстыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

       3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын адам қол қояды.

 

_______________________

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 ноября 2021