Түркістан облысының
Әділет департаменті басшысының
2021 жылғы 25 қазандағы
№618-н бұйрығының
6-қосымшасымен бекітілді
Түркістан облысының Әділет департаментінің
зияткерлік меншік құқығы бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Зияткерлік меншік құқығы бөлімі (әрі қарай - бөлім) Түркістан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Әкімшілік рәсімдік-процестік», Еңбек, Кәсіпкерлік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы», «Әділет органдары туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Жарлықтары мен қаулыларын, Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрықтары мен нұсқауларын және Түркістан облысының Әділет департаментінің Ережесін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
- Бөлімнің құрамы: 1 бірлік бөлім басшысы, 3 бірлік бас маман.
2.Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
- Бөлімнің міндеттері:
- Түркістан облысы және Түркістан қаласы аумағы бойынша зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
- Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес жүзеге асыру;
3) Департамент басшысының тапсырмасы бойынша бөлімде туындайтын өзге міндеттерді жүзеге асырады.
- Бөлімнің функциялары:
- Қазақстан Республикасының тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атауды пайдаланылу саласындағы, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары заңнаманың сақталу тұрғысында жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі негізінде жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асырады;
- Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қолданудың практикасын жинақтайды;
- Зияткерлік меншік құқығын сақтау және қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру жөнінде құқықтық түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету және өткізу, аталған салада құқық бұзушылықты алдын алу мен анықтау, ескерту бойынша қабылданған шаралар туралы хабар береді;
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұраныстарының орындалуын қамтамасыз етеді, олар бойынша шара қабылдайды;
- Түркістан облысы және Түркістан қаласы аумағы бойынша зияткерлік меншік құқығын қорғау туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, контрафактілік өнімдерге төзімсіз көзқарасты қалыптастырады;
- ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырып, сотқа негізінен қарау үшін жолдайды;
- Анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша тиісті шешімдер қабылдайды;
- Құқық қорғау органдарымен бірлесіп контрафактілік өнімдерін айқындау, жолын кесу және болдырмау мақсатында тексерулер жүргізеді;
- Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- Өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті құқықтық актілерді қабылдауға;
- Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3.Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
- Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшысы басқарады.
- Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
- Осы мақсатта бөлім басшысы:
- Өз қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
- Бөлімнің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, департамент басшысының тапсырмаларының сапалы және уақытылы орындалуын, орындаушылық және еңбек тәртіптерін сақталуын қамтамасыз етеді;
- Бөлім қызметкерлерін марапаттау мен жауапкершілікке тарту, сондай-ақ ауыстыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, өзге де заңдар мен актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын адам қол қояды.
_______________________