ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ «ӨЗГЕРІСТЕРДІ ӨЗІҢНЕН БАСТА» КІШІ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША 2021 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 9-АЙЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АҚПАРАТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ «ӨЗГЕРІСТЕРДІ ӨЗІҢНЕН БАСТА» КІШІ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША 2021 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 9-АЙЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АҚПАРАТЫ

 

         Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінезқұлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдықадамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.

Ағымдағы жылдың 9 айында Әдеп кодексі салаларындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Алипбек 18 департамент  қызметкерін  қабылдап, жеке кеңестер берді. Сонымен қатар Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Алипбекпен азаматтарды қабылдауды (онлайн, офлайн), оның ішінде жеке кестеге сәйкес, Ордабасы ауданаралық әділет басқармасына іс-сапарға шығу арқылы жеке қабылдау өткізіліп,  кеңестер берілді.    Департаменттің мемлекеттік қызметкерлер арасында Әдеп нормаларын сақталуына және ұжымдағы моральдық-психологиялық жай күйіне анонимдік сауалнама жүргізіліп, нәтижелері бойынша 23.06.2021 жылы талдау жүрігізіліп, тапсырмалар жүктелген.  Азаматтардың немесе мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру және қорғау мәселелері бойынша  орын алмаған. Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда  жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді көтермелеу туралы ұсыныстар енгізу бойынша ағымдағы жылдың 9-айында Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Алипбектің ұсынысы бойынша 20 мемлекеттік және келісім шарт негізіндегі қызметкерлерді көтермелеуге ұсыныс енгізілді. Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда  жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді көтермелеу туралы ұсыныстар енгізу бойынша ағымдағы жылдың 9-айында Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Алипбектің ұсынысы бойынша 20 мемлекеттік және келісім шарт негізіндегі қызметкерлерді көтермелеуге ұсыныс енгізілді. Түркістан облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілмен атқарылған жұмыстардың мәліметі ҚР Әділет министрлігіне тоқсан сайын жолдануда. Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі қабылданып, этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған.

Бұл Кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Кодексте мемлекеттік қызметшілердің ұстануы тиіс мінез- құлықтарының жалпы стандарттары мен қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары бекітілген.

Жалпы стандарттарға: мемлекеттік қызметшілердің өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы,  әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау жатады.

 

Яғни мемлекеттік қызметшілер азаматтармен, ұжымда сөз сөйлеуде сыпайылық пен әдептілікті ұстануы қажет. Өз кезегінде, халықпен өзара қарым-қатынасының негізгі көрсеткіші мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы болады. Сондықтан, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде халықтың сұранысына бағдар ұстану талаптарын қояды.

 

Мемлекеттік қызметші өзінің әдепсіз мінез-құлықы мемлекеттік аппаратқа деген сенімді бұзатынын түсіне отырып, оған жүгінген азаматтардың әрбір мәселесіне ұқыпты қарап, шешім қабылдау барысында уақыттылығын, заңдылығын және әділдігін қамтамасыз ету қажет.

Дата публикации
01 октября 2021