Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20775 болып тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) "Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес.
|
Қазақстан Республикасы |
Н. Пан |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.05.2021 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, лицензиясы, соттылығының бар не жоқ екендігі және наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе портал арқылы жіберіледі.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлға өтініш берген кезде аттестаттау өткізілетін тілді (қазақ немесе орыс) айқындайды.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 827 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Аттестаттау қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.
Аттестаттаудан өткізу мерзімін өтініш пен аттестаттаудан өту күні негізінде ұсынылған құжаттарды есепке ала отырып, "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінің мемлекеттік деректер базасы автоматты түрде анықтайды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.
Комиссия жеті мүшеден – нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда екі нотариустан, әділет органдарының екі өкілінен, құқықтанушы- ғалым және мәслихаттың екі депутатынан тұрады.
Комиссияның құрамына енгізу үшін нотариустардың кандидатураларын аумақтық әділет органына нотариаттық палата ұсынады.
Құқықтанушы-ғалым кандидатурасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жоғары білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады.
Мәслихат депутаттарының кандидатураларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары ұсынады.
Комиссия мүшелерінің бірі шыққан жағдайда, жаңа мүше оның құрамына шыққан күнінен бастап бір айдан кешіктірмей енгізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға Комиссия төрағасы болып табылады.
Комиссия қызметін ұйымдастыру үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлер арасынан Комиссия хатшысын тағайындайды.
Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады және отырыс хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Комиссия құрамы Заңның 7-1-бабының 1-тармағына сәйкес бекітіледі.
Комиссия отырысына келген кезде үміткердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлігі болуы қажет.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 827 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге компьютерлік тест тапсыру;
2) емтихан билеттері бойынша ауызша тапсырманы орындау.
Үміткер өзінің тілді таңдауын аттестаттау басталғанға дейін жазбаша растайды.
Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі. Тестілеуге бөлінген уақыт тоқсан минутты құрайды.
Емтихан билеттері нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін білуі қажет құқықтық пәндердің тақырыбына сәйкес болуы тиіс үш сұрақтан тұрады.
Тестілер мен емтихан билеттері құпия ақпарат болып табылады және еркін таратылмайды.
Аттестаттаудан өтудің алдында Комиссия үміткерге аттестаттауды өткізу тәртібі, үміткерлерді іріктеу рәсімінің ұзақтығы мен мазмұны туралы хабарлайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 827 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда үміткер Комиссия шешімінің негізінде аттестаттаудан шеттетіледі.
Аттестаттаудан шеттетілген үміткер, осы Қағидалардың 6 және 9-тармақтарында көзделген тәртіппен шешім шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы қайтадан өтініш беруге құқылы.
Тестілеу нәтижелері бар парақтың бір данасы үміткерге тапсырылады, екіншісі Комиссияға беріледі.
Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан 70 (жетпіс) және одан жоғары болса, үміткер тестілеуден өтті деп саналады және екінші кезеңге жіберіледі.
Комиссияның әрбір мүшесі аттестатталушының әрбір сұрағы бойынша жауаптарды басқаларына қарамастан бес балдық жүйе бойынша бағалайды.
Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша төрағалық етуші Комиссия мүшелері қойған нәтижелерді есептейді және жалпы орташа балл шығарады. Орташа балл үміткердің жинаған балдарының жалпы санын қатысып отырған Комиссия мүшелерінің санына бөлу жолымен анықталады. Үміткердің қорытынды балы есептеу кезінде 3,1 болса 3,1 ретінде бағаланады, есептеу кезінде 4,5 болса 4,5 ретін бағаланады және бұдан әрі де осылайша.
Комиссия мүшелерінің бағалары, сондай-ақ аттестатталушының емтихан билетінің сұрақтары бойынша жинаған жалпы орташа балы Комиссияның хаттамасында көрсетіледі.
Егер жалпы орташа балл 4 (төрт) және одан жоғары балл болса, үміткер аттестаттаудан өтті деп есептеледі.
Комиссияның аттестаттау не аттестаттамау туралы шешімі аттестаттау өткізілген күні шығарылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды цифлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Комиссияның аттестаттаудан өту туралы шешімі Заңның 7-2-бабының 9-тармағына сәйкес ол шығарылған сәттен бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 827 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Үмiткер қайта келмеген немесе дәлелсіз себептермен аттестаттауға келмеген жағдайда, оның өтiнiшi қараусыз қалады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілу сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 827 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаның шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарауға жатады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 827 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
"Нотариаттық қызметпен |
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 827 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" |
||||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
||
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
"электрондық үкімет" веб-порталы www. egov. kz, www. elі cens e. kz (бұдан әрі – портал) |
||
|
|
|
|
||
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
15 (он бес) жұмыс күні |
||
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: |
Электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін |
||
|
5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі |
Аттестаттау туралы шешім не аттестаттамау туралы шешім |
||
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі |
||
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1)1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
||
|
8 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі |
- өтініш; |
||
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда; |
||
|
10 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
||
|
|
Нысан |
|
||
|
|
Нотариаттық қызметпен |
|
||
Аттестаттауға жіберу туралы өтініш
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге мені жіберуді сұраймын.
Осымен: мен анық деректерді қамтамасыз ету үшін жеке жауап беретінім; көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту туралы кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; сотпен өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен және / немесе кіші қызмет түрімен айналысуға тыйым салынбаған; қоса берілген барлық құжаттар дұрыс және жарамды екені; өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде сақталатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділік шектеулі жеке деректерін пайдалануға келісетіні расталады.
Жеке тұлға _________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
күні:_______
|
|
Нысан |
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге арналған деректер нысаны
_________________________________________________________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жеке сәйкестендіру нөмірі
І. Дипломы туралы деректер:
нострификациялау немесе тану рәсімінің өтуін растайтын құжат:
ІІ. Нотариустан тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:
Жеке тұлға ________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
күні:____
|
|
"Нотариаттық қызметпен |
|
|
Нысан |
Аттестаттау туралы шешім
______________ қаласы 20__ ж. "___" __________
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындылары бойынша
__________________________________________________________:
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
тестілеу бойынша ____________________ балл
емтихан билеті бойынша _________ балл жинады.
Келесі құрамдағы комиссия:
Төраға
Мүшелері
Шешім қабылдады:
_________________________________ аттестаттау
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
|
|
"Нотариаттық қызметпен |
|
|
Нысан |
Аттестаттамау туралы шешім
______________ қаласы 20____ ж. "____" __________
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындылары бойынша
__________________________________________________________:
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
тестілеу бойынша ____________________ балл
емтихан билеті бойынша _________ балл жинады.
Келесі құрамдағы комиссия:
Төраға
Мүшелері
Шешім қабылдады:
______________________________________ аттестаттамау
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Нотариатық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрселетін қызметтің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
Лицензияны қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, лицензиясы, соттылығының бар не жоқ екендігі және наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде негіздеме мен себептерін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту береді және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия не көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберілген көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап немесе қайта рәсімдеу болып табылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 827 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарауға жатады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 827 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
"Нотариаттық қызметпен |
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 827 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) |
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
www. egov. kz, www. elі cens e. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні; |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: |
Электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін |
|
5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі |
нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес мыналарды құрайды: |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
|
8 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін: |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда; |
|
10 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында:-www.adіlet.gov. kz, порталда орналастырылған. |
Жеке тұлғаның лицензия алуға өтініші
__________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________ жүзеге асыру үшін
(қызметтің түрі толық атауы көрсетілсін)
лицензия беруіңізді сұраймын.
Байланыс деректері ________________________________________________________
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
Нотариаттық қызметті жүзеге асыру мәліметтерінің нысаны
_________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
барлық адамдар толтырады
(6,7-тармақтар шетелдің білім беру мекемелері берген дипломдар үшін толтырылады)
нотариустан тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен тұлғалар үшін
__________________________________________________________________________
Нотариустан тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар үші
тұрақты судьялар үшін
тұрақты судья болып жұмыс істеген тұлғалар үшін
Жеке тұлға _________________________________ күні: __________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші
__________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(жеке ұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________
Тегімнің, атымның, әкемнің атының (ол болған жағдайда) өзгеруіне байланысты
нотариаттық қызметті жүзеге асыруға 20___ жылғы " " __________________
№ ____________________, _________________________
(лицензияның нөмірі(лері), лицензияны берген лицензиардың атауы)
берілген лицензияны қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ____________ ____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
|
|
"Нотариаттық қызметпен |
|
|
нысаны |
Лицензия
20____ жылғы "___" ___________ №_____________
__________________________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
________________________________________________________________ айналысуға
____________________________________________________________________ берілді
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру
нөмірі, толық атауы, мекен-жайы)
Ерекше шарттары __________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)
Ескерту: _________________________________________________________________
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)
Лицензиар ________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Басшы (уәкілетті тұлға) ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Берілген орны _____________________________________________
Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз құжатқа балама болып табылады.
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2- тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтініші келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде нотариустардың мөрлерін дайындаумен айналысатын жеке немесе заңды тұлғаларға тапсырыс хат ресімдейді.
Мөрлерді дайындаумен айналысатын жеке немесе заңды тұлғалар 3 (үш) жұмыс күні ішінде нотариустардың дайын мөрлерін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес мөрді беру журналына қол қойғызып береді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, "электрондық үкімет" веб-порталы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.
|
|
"Нотариустардың өтініштерін |
|
|
Кімге ______________________ |
Мөрді дайындау және беру туралы өтініш
Нотариаттық қызметтің басталуына байланысты
__________________________________________________________________________
(тегі, аты,әкесінің аты (ол болған жағдайда)) жекеше нотариустың мемлекеттік
лицензиясының нөмірі, берілген күні)
_____________________ Нотариаттық палатаның мүшесі болып табылатын нотариусқа
нотариаттық палатаның атауы
мөрді дайындауға өткізуіңізді, сондай-ақ оны беруді сұраймын.
|
|
"Нотариустардың өтініштерін |
|
||
|
"Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) |
||
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
1) көрсетілетін қызметті беруші |
||
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
5 (бес) жұмыс күн ішінде |
||
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны |
Қағаз жүзінде |
||
|
5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі |
Мөрді беру |
||
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
||
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
||
|
8 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) өтініш |
||
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда; |
||
|
10 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. |
||
|
|
"Нотариустардың өтініштерін |
|
||
Мөрді беру журналы
|
Р/с |
Берген күні |
Жекеше (мемлекеттік) нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
Мөрдің бедері |
Алғаны туралы қолы |
Мөрдің жойылғаны, жоғалғаны туралы мәліметтер |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
||
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
|||||
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК