2021 жылдың 1-жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының себептері мен тәуекелдеріне ішкі талдау

2021 жылдың 1-жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының себептері мен тәуекелдеріне

ішкі талдау

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарының 1-тармағына сай, 2021 жылғы қаңтар-мамыр айында Түркістан облысының әділет департаменті бөлімдерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізілді.

Жүргізілген талдау нәтижесінде департаменттің құрылымдық бөлімдерінің қызметі заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылатыны және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін көрсететін фактілер анықталмады.

Талдау қорытындысымен департаменттің құрылымдық бөлімдеріне және ауданаралық әділет басқармалары мен сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдеріне ұсынылады:

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау бағытында бағынысты қызметкерлермен профилактикалық жұмыстарды күнделікті жүргізуді;

- бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізілуін жандандыруды.

Дата публикации
10 ноября 2021