Түркістан облысы Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Түркістан облысының

Әділет департаменті басшысының

2021 жылғы 25 қазандағы

№618-н бұйрығының    

3-қосымшасымен бекітілді

 

Түркістан облысы Әділет департаментінің

атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі (әрі қарай - бөлім)           Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

2.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «Әкімшілік рәсімдік-процестік», Азаматтық, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу Кодекстерін, «Әділет органдары туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, сондай-ақ, өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрықтары мен нұсқаулықтарын және осы Ережені басшылыққа алады.

3.Бөлімнің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен, яғни Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бекітіледі.

Бөлімнің құрамы: 1 бірлік бөлім басшысы, 5 бірлік бас маман, 2 бірлік жетекші маман.

 

2.Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Негізгі міндеттері:

4.1. Міндет: Атқарушылық құжаттардың  орындалуын қамтамасыз ету және жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру.

4.2. Мемлекеттік және жеке сот орындаушыларымен  заңдылықтың сақталуына және өз міндеттерін тиісінше орындауына бақылауды ұйымдастыру.

1) Атқарушылық іс жүргізу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

2)Атқарушылық құжаттарды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

3) Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу;

4) Министрліктің Даму жоспарының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу үшін жұмыс жүргізу;

5) Жеке сот орындаушыларының есептік тіркелуін жүргізу;

6) Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттауға жіберу туралы өтініштерді қарау;

7) Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер және тағылымдамадан  өткен адамдарды аттестаттаудан өткізу;

8) Жеке сот орындаушыларының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының  мәртебесі туралы» Заңды сақтауын және өз міндеттерін  тиісінше орындауын  бақылауды ұйымдастыру;

9) Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айрылған жеке сот орындаушысының  өндіріп алушылардың  пайдасына өндіріп алынған  сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығару;

10) Жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету, жұмыс практикасын қорыту;

11) ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 148-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпарат жазуды жүзеге асыру;

12) Жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және олардың іс-қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

13) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін,  олардағы сын-ескертпелерді  талдауға және қорытуға  жұмысты жетілдіру  әрі жеке және заңды тұлғалдың шағымдарын  туғызатын себептерді  жою мақсатында қоғамдық пікірді зерделейді.

 

5.Функциялары:

 

Бөлім өз құзіреті шегінде, оған жүктелген міндеттеріне және қызметінің бағыттарына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, талдау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар  мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің  тыйым салынған мүлкімен жұмыс);

2) Атқарушылық құжаттардың, басқа органдардың актілерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;

3) Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша аумақтық сот орындаушылар бөлімдері мен Жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасына тапсырмалар жіберу;

4) Департаменттің тексеру жоспарына, басшылықтың тапсырмаларына сәйкес ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша қызметіне кешенді және тақырыптық тексеруді жүзеге асырады;

5) Орталық мемлекеттік органдарға атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша хат, анықтама, басқа ақпарат дайындау;

6) Атқарушылық құжаттарды орындау бойынша әдістемені талдау, жинақтау, әзірлеу және тәжірибелік көмек көрсету және атқарушылық құжаттардың санаттары (жалақы, алимент өндіріп алу, жұмысқа қайта орналастыру, бұзу, мемлекет мұқтаждығы үшін жер телімдерін алып қою, шығару және көшіріп әкелу, нақты әрекеттер жасауға міндеттеу, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу) бойынша ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдері мен облыстың жеке сот орындаушыларының өндірістеріне статистиканы жүргізу;

7) Атқарушылық іс жүргізулердің статистикалық есептерін дайындау;

8) Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша талдау, жинақтау және статистика мәліметтерін жүргізу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу санаты бойынша атқарушылық іс жүргізулерді орындау, атқарушылық іс жүргізулер бойынша қорытынды жасау;

9) Соттарда департаменттің атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мүдделерін ұсыну;

10) АІЖО ААЖ ақпараттық жүйесін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

11) Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен өзара іс-қимыл жасау;

12) Бөлімнің құзіреті шегінде атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

13) Ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі басшылары - аға сот орындаушыларының ҚСжАЕАК-нің Түркістан облысы басқармасына статистикалық есептерді уақытылы және нақты тапсырылуын қадағалау;

14) Атқарушылық іс жүргізулерді есепке алу және бақылау мониторингін жүргізу;

15) Мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың сұраныс хаттары негізінде борышкерлерді «Борышкерлердің біріңғай тізілімінен» және борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуден алу жұмыстарын жүргізу;

16) Ақшаны есепке алу және қолма-қол ақшаны бақылау шотына түскен ақшаның қозғалыстары (КСН) бойынша жұмыстарын жүргізу және бақылау;

17) ҚР Әділет министрлігіне атқарушылық іс жүргізу жөнінде ақпараттар мен есептерді уақытылы және сапалы жолдау;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізу;

19) Ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерімен атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын мониторингтеу және бақылау;

20) Алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау шеңберінде көрсетілген, жеке сот орындаушысының  қызметіне ақы төлеуді қаржыландыруға бағытталған  республикалық бюджеттен  қаражат төлеуді жүргізу;

21) Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінің «Келісімшарттарды орындау» индикаторы бойынша жұмыс жүргізу;

22) Департаменттердің құрылымы бойынша  ұсыныстар енгізу;

23) Тұрақты негізде атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы зерделеу, заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар енгізу, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша нормативік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

24) Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер жөнінде құжаттар дайындау;

25) Азаматтар мен заңды тұлғалар құықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету үшін жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік және  жеке сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне немесе әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне түсетін (оның ішінде, ауызша, анықтама қызметтерінің сымтетік байланыстары арқылы келіп түсетін) шағымдарды, жүгінулердің қарауын, оларға заңда көзделген мерзімдерде уақытылы және сапалы жауаптарды беру;

26) Жеке және заңды тұлғалардың атқарушылық өндірістер бойынша сұраныстарына жауаптарды уақытылы беру;

27) Мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына қатысты прокурордың құқықтық актілері, сондай-ақ, сот тәртібімен іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз деп тану фактілері негізінде қажетті жұмыстарды атқару, соттарға сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жағдайларына мониторинг жұмыстарын ұйымдастыру;

28) Атқарушылық іс жүргізу бойынша мәселелері бойынша аумақтық әділет органдарына тапсырмаларды жіберу;

29) Сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне шағымдану негіздеріне, заң бұзу фактілеріне талдаудың жүргізілуін және оларды азайту мақсатында қажетті іс шаралардың жүзеге асыру;

30) Мемлекеттік сот орындаушыларының тәртіптік жауапкершіліктеріне қатысты тиісті ұсыныстарды белгіленген тәртіппен енгізу;

31) Негіздер болған жағдайда жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныстарды ҚР Әділет министрлігіне енгізу;

32) Негіздер болған кезде жеке сот орындаушыларының Республикалық  палатасының және өңірлік палатасының тәртіптік комиссияларына тәртіптік іс жүргізу қозғау өңірлік палатасының тәртіптік комиссияларына тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыныстарды енгізу;

33) Жеке сот орындаушыларының қызметтеріне алғашқы жоспарлы, жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыру;

34) Мемлекеттік сот орындаушыларының қызметіне жүргізілген тексерулерге қатысу;

35) Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жұмыс барысында болдырмау мақсатында толық және уақытылы қалпына келтірілуін қадағалау;

36) Тексеру нәтижелеріне талдау және қорытындылау жасау, тексеру жүргізудің сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;

37) Департаменттің жұмыс жоспарларына өз саласы бойынша ұсыныстарды енгізу, жоспарланған іс-шараларды уақытылы және сапалы іске асыру;

38) Департаменттің алқа отырыстарында, жедел (аппараттық) кеңестерінде қарау үшін жеке сот орындаушыларының қызметі, сот орындаушыларының қызметіне бақылау мәселелері бойынша қажетті материалдарды дайындау және ұсыну;

39) Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресу;

40) Департамент басшысының, жетекшілік ететін орынбасардың жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты тапсырмаларын орындау;

41) ҚР заңдарында белгіленген және білімнің Ережесіне сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

  1. Құқықтары:

 

1) Департамент басшысына заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіпте тағайындау, босату, жұмыстан шығу туралы ұсыныстар енгізу;

2)Департамент басшысына ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін мадақтау, тәртіптік жаза қолдану және алу, заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіпте оларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;

3) Департамент басшысына ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерінің еңбек шарттарын заңнамада белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгерту, толықтыру, бұзу туралы ұсыныстар енгізу;

4) Департамент басшысына заңнамада белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша құрылымдық бөлімшелерді құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;

5) Аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан белгіленген мерзімде жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа, құжаттарға анықтамаларға, есептерге, ауызша және жазбаша түсініктемелер мен басқа материалдарға сұрау салу және алу;

6) Тиісті бөлімшелердің басшыларының келісімімен департаменттің құрылымдық, мен ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін тексеру жүргізу, нормативтік құқықтық актілердің жобалары мен басқа құжаттарды дайындау, сондай-ақ ұйымдастырушылық-бақылау мәселелерін шешу үшін тарту;

7) Бөлімнің немесе ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің қызметкерлерінен еңбек шартының талаптарын, еңбек тәртібінің қағидаларын және жұмыс берушінің басқа актілерін орындауды талап ету;

8) Бөлімнің немесе ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің қызметкерлерінің еңбек міндеттерін орындау кезінде келтірілген зиянын өтеу туралы ұсыныс енгізу;

9) Еңбек саласында департаменттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өз өкілеттігі шегінде соттарда департаменттің мүддесін қорғау;

10)Бөлімнің немесе аумақтық сот орындаушылар бөлімдерінің қызметкерлеріне сынақ мерзімін белгілеу туралы ұсыныс енгізу;

11) Бөлімнің немесе ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдері басшыларының кадр мәселелері бойынша құқықтық актілері Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына қайшы келген жағдайда Министрліктің басшылығы алдында оларды тоқтата тұру, өзгерту немесе олардың қолданысын тоқтатқанға дейін жою туралы мәселеге бастамашылық жасау;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Министрдің, департамент басшысының актілері мен тапсырмаларына сәйкес басқа құқықтарды жүзеге асыру;

13) Мемлекттік сот орындаушылардан, ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінен, жеке сот орындаушылардан, өңірлік палатадан, басқа да мекеме, ұйымдардан қажетті ақпаратқа, құжаттарға, анықтамаларға, есептерге, ауызша және жазбаша түсініктемелер мен басқа материалдарға сұрау салуға және алуға;

14) Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының отырыстарына қатысуға;

15) Жеке сот орындаушыларының қызметтеріне тексерулер жүргізуге;

16) Мемлекеттік сот орындаушыларына қатысты жүргізілетін қызметтік тексерістерге қатысуға;

17) Мемлекеттік сот орындаушыларының тәртіптік жауапкершілігі туралы ұсыныстарды енгізуге;

         18) Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айрылған жеке сот орындаушысының  өндіріп алушылардың  пайдасына өндіріп алынған  сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығару;

19) Сот актілерін орындау, әділет органдарының қызметі, басқа да мәселелерге қатысты заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді ұсынуға.

 

7.Міндеттері:

 

1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;

2) Атқарушылық және еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті еңбек шарттарын қамтамасыз ету;

3) Өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу;

4) Жұмысқа қабылданған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және жағдайда қызметкерлермен еңбек шартын жасасуды қамтамасыз ету;

5) Еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша ішкі бақылауды іске асыру;

6) Қызметкерге еңбек шартымен көрсетілген жұмысты беруді қамтамасыз ету;

7) Қызметкерге қатысты шығарылған Министрліктің, департаменттің актілерімен қызметкерді таныстыру;

8) Қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасына, еңбек шартына сәйкес еңбек жағдайын қамтамасыз ету;

9) Мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамасын орындау;

10)  Егер жұмысты жалғастыру қызметкерлердің және басқа адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндірсе, онда департамент басшылығының алдына жұмысты тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізу;

11) Қызметкердің қызметін растайтын құжаттардың сақталуын және департаменттің мұрағатына тапсырылуын қамтамасыз ету;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды жұмысқа қабылдау кезінде талап ету;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Министр мен Жауапты хатшының, департамент басшысының актілеріне және тапсырмаларына сәйкес басқа міндеттерді орындау;  

14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің қызметін жүзеге, атқарушылық және еңбек тәртібін, тиісті еңбек жағдайын қамтамасыз ету;

15) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша басшылардың тапсырмаларын орындау;

16) Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және оны жетілдіру;

17)Құқық бұзушылықты алдын алу шаралары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бөлім қызметкерлерінің арасында түсіндіру жұмысын жүргізу.

18) Бөлім Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге құқықтарға және өзге де міндеттерді орындайды.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

         1) Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие;

2) Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалған және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

3) Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оған жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

4) Бөлім басшысы департамент басшысы құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

5) Бөлім басшысы осы мақсаттарда:

5.1. Бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

5.2. Қазақстан Республикасы заңдарына және Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерін жүзеге асырады.

5.3. Өз өкілеттіктері шегінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

5.4. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

6) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

_______________________

Дата публикации
02 декабря 2021