Жауап: Сәлеметсіз бе! Жоқ, қажет емес. Себебі, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою туралы» Қағидаларының 88 тармағына сәйкес, 2019 жылғы 10 желтоқсаннан кейін шығарылған некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені бұзу туралы акт жазбасы тіркелмейді, неке қию туралы акт жазбасына (егер ол автомоттық түрде қойылмаса) некені бұзу туралы белгі қойылады.