Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттесттаттауға қатысуға жіберілген үміткерлер тізімі

Түркістан облысы әділет Департаменті, 24.02.2021 жылы сағат 10:00-де өтетін жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттесттаттауға қатысуға келесі үміткер тұлғалар жіберілгенін хабарлайды:

  1. Сүйінәлі Ержігіт Қанатұлы;
  2. Сәду Жасұлан Бисенбіұлы;
  3. Назарбеков Рустембек Серикович;
  4. Нұрділдаұлы Дәурен;
  5. Уразбеков Бекжан Сапарбаевич;
  6. Омирзаков Даулет Мысакыметович;
  7. Байдыбеков Сабыржан Божбанович;
  8. Сындаров Бакыт Нуракович;
  9. Тұрсын Ұлпан Сәбитқызы;

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №605 бұйрығымен бекітілген Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидаларына сәйкес, аттестаттаудан өту кезiнде үмiткердің анықтамалықты, арнайы және өзге де әдебиеттi, байланыс құралдарын, сондай-ақ электрондық жеткіште қандай да бiр жазбаларды пайдалануына жол берілмейді.

Көрсетiлген талаптарды бұзған жағдайда, үмiткер аттестаттаудан шеттетiледi.

Аттестаттаудан шеттетiлген үмiткер Комиссия шешiмі шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң өтiнiштi қайта береді.

Аттестаттау екi кезеңнен тұрады:

1 кезең: Қазақстан Республикасының заңнамасын (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін және Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңын) бiлуiне компьютерлік тест тапсыру. Компьютерлік тестте жауаптардың кемінде үш нұсқасы бар (оның ішінде біреу дұрыс) сұрақтар ұсынылады. Тестілеуден өту үшін сұрақтардың жалпы саны 100-ді құрайды. Тестілеу үшін берілген уақыт тоқсан минутты құрайды. Yмiткер өз қалауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тiлiнде өтеді. Егер дұрыс жауаптардың саны сұрақтардың жалпы санының 70 және одан артығын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi.

2 кезең: үмiткердiң бiлiмiн ауызша әңгімелесу түрінде тексеру. Ауызша әңгімелесуді жүргізу барысында Комиссия үміткерге жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшiн бiлудi қажет ететiн құқықтық тәртіп тақырыбына сәйкес келетін кемінде үш сұрақ қояды.

Үміткерлердің білім деңгейін айқындау үшін сұрақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі жасайды. Тестілеу мен ауызша әңгімелесудің сұрақтар тізбесі құпия ақпарат болып табылады және еркін жариялауға жатпайды.

Дәлелді себеппен аттестаттауға келмеген және келесі аттестаттауға қатысуға ниет білдірген жағдайда, Комиссияға келмеудің дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Дата публикации
17 февраля 2021