Түркістан облысының Әділет
департаменті басшысының
2026 жылғы 13 шілдедегі
№714-н бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Түркістан облысының Әділет департаменті сот
орындаушыларының қызметіне қатысты арыз-шағымдарды
қарау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
2.Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3.Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
2-тарау. Бөлімнің мақсаттары, құқықтары, міндеттері және функциялары
1) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2)әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексіне сәйкес жүзеге асыру;
3) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1)мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңамасында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
2) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
3)Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге;
4)заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
5)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;
6)Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге;
7)Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке сот орындаушылардың қызметін бақылауды және тексеру жүргізуді жүзеге асыруға;
1) Департаментке жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін арыз-шағымдарды қарау;
2) Департаментке жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдар бойынша есептілікті жүргізу;
3) Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары бойынша Министрлікке жолданатын есептілікті қалыптастыру;
4) Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары бойынша жүргізілген жоспардан тыс бақылау нәтижесінің қорытындысын уақтылы тәртіптік комиссияға жолданылуын қаматамасыз ету;
5) Министрліктен жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары негізінде келіп түсетін тапсырмалар бойынша ақпараттар беру;
6) Соттардан келіп түсетін ескертпе хаттар мен ұсыныстарды қарау;
7) Атқарушылық іс жүргізулерге қатысты уәкілетті органдардан келіп түскен хаттарды қарау;
8) Соттардан келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың банкрот деп тану туралы арыздары бойынша атқарушылық іс жүргізулерге қатысты сот процестеріне қатысу;
9) Жеке сот орындаушысының жұмысына жоспарлы тексерулер жүргізу;
10) Жоспарлы бақылау негізінде жеке сот орындаушысы лицензиясынан айыру туралы сот процестеріне қатысу;
11) Сот орындаушыларының қызметі бойынша құқықтық кеңестер береді және атқарушылық іс жүргізулерге қатысты мәселелерін қарау;
12)Ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі-филиалдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есептерді жинақтауды жүзеге асыру;
13) Атқарушылық іс жүргізу тараптарына қатысты келіп түскен Прокурорлық ден қою актілерін қарау;
14) Аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына түскен өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды уақытылы аудару және есептілікті қалыптастыру;
15) Алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау шеңберінде көрсетілетін, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді қаржыландыруға бағытталатын, республикалық бюджеттен қаражат төлеуді жүргізу;
16) Ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі-филиалдарынан келіп түскен өтінімдерге байланысты, аумақтық мемлекеттік қазынашылық органдарындағы борышкердің банктік шоттарына инкассолық өкім қою жүзеге асыру;
17) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асыру;
18) Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының отырыстарына қатысу;
19) өздерiне басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
20) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
9.Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.
1) Өз қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттерін айқындайды;
2)Бөлімнің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, департамент басшысының тапсырмаларының сапалы және уақытылы орындалуын, орындаушылық және еңбек тәртіптерін сақталуын қамтамасыз етеді;
3) Бөлім қызметкерлерін марапаттау мен жауапкершілікке тарту, сондай-ақ ауыстыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де заңдар мен актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13.Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын адам қол қояды.