Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілері – адамды дараландыратын және оның құқықтары мен міндеттерінің туындауымен, болуымен және тоқтатылуымен байланысты болатын заңдық тұрғыдан ресімделген мән-жайлар.

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

Тіркеуші органдар мынадай іс-қимылдарды жасайды:

1) тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;

2) азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, оның ішінде әке (ана) болуды белгілеу, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетеді, жазбаларды қалпына келтіреді және жояды;

3) бастапқы және қайталама куәлiктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi;

4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптарының және куәлік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:

1) еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының еріктілігі;

2) отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;

3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу;

5) балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық;

6) отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау;

7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері;

8) отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдау қағидаттарына негізделеді.

Документы
Ереже
12 марта 2024
Түркістан облысының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі
Түркістан облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Мемлекеттік қызметтер
02 июня 2023
Түркістан облысының Әділет департаменті
"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы
Ереже
31 мая 2023
Түркістан облысының Әділет департаменті
Түркістан облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Новости
Полезные материалы
Азаматтық хал актілерін тіркеу
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Егер, неке бұзу туралы сот шешімі 15.04.2020 жылғы болса, АХАТ органдарынан неке бұзу туралы куәлік алу керек пе?

Жауап: Сәлеметсіз бе! Жоқ, қажет емес. Себебі, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою туралы» Қағидаларының 88 тармағына сәйкес, 2019 жылғы 10 желтоқсаннан кейін шығарылған некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені бұзу туралы акт жазбасы тіркелмейді, неке қию туралы акт жазбасына (егер ол автомоттық түрде қойылмаса) некені бұзу туралы белгі қойылады.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы