Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу

Жылжымайтын мүлікк құқықтарды мемлекеттік тіркеу -  «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңымен мен өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі;

Электрондық тіркеу – мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың, мұрагерлікке құқық туралы куәліктің, меншік құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі негізінде, сондай-ақ Заңда белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.

Құқықтық кадастр - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың, азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, "өзен-теңіз" жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар туралы мәліметтердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі;

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік  тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.

Документы
Ереже
12 марта 2024
Түркістан облысының Әділет департаменті
Түркістан облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Ереже
30 ноября 2021
Түркістан облысының Әділет департаменті
Түркістан облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Новости
Полезные материалы
Енді тұрғындар МИБ төрағасын қол жинамай-ақ қайта сайлауға, үйді басқару бойынша жылдам шешімдер қабылдауға мүмкіндік алады. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының мәселелері бойынша бірқатар проблемалық мәселелерді шешу мақсатында Әділет министрлігі «Управдом» ЖШС-мен бірлесіп, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап тұрғындардың қолдарын онлайн жинауды, дауыстарды автоматты түрде санауды, кворумды есептеуді және электрондық хаттаманы қалыптастыруды көздейтін «МИБ цифрландыру» жобасын іске қосты. Қазіргі уақытта шамамен 25 МИБ электронды түрде тіркелген. Бұл жоба МИБ қызметінің ашықтығын, алаяқтық әрекеттерді болдырмауды, үйді басқару кезінде процестерді автоматтандыруды, қағаз құжат айналымын жоюды көздейді. Электрондық дауыс беру бойынша жоғарыда аталған тетікті қолдана отырып, барлық қазақстандықтарға «МИБ төрағасын ауыстыру» қызметі қолжетімді. МИБ төрағасын ауыстыру үшін авторизациядан өту, дауыс беруден өту, жаңа төрағаны таңдауы қажет. Осы шарттар орындалғаннан кейін МИБ төрағасы автоматты түрде қайта сайланады.
Көппәтерлі үйдің кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысаны.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы қызмет көрсету тәртібі оңайлатылды
Медиагалерея
События
15 января
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МӘЖБҮРЛЕУ ТӘРТІБІМЕН ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі қалай тіркеледі?

2020 жылдың 7 қаңтарында пәтер иелері кооперативтерінің 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап күшін жоятын «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Олардың орнын жай серіктестіктер (ЖС) мен меншіктің мүлік иелерінің бірлестігі(ММИБ) басады, бұл тұрғындарға үйді өз бетінше басқаруға мүмкіндік береді.

Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі - бұл бір үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының иелері құрған заңды тұлға (коммерциялық емес ұйым). Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды. Егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы. Шешім дауыс беруге тікелей қатысқан пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады.ММИБ әділет органдарында тіркелуі және өзінің жарғысы болуы қажет.

Жай серіктестік - барлық ортақ меншік иелерінің азаматтық-құқықтық шарт негізінде үйді бірлесіп басқаруы және күтіп ұстауы. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өз құрамынан бірлескен қызметке басшылық жасау үшін сенім білдірілген адамды айқындай алады, ол пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иесі берген қарапайым жазбаша сенімхат негізінде әрекет етеді. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 43-1 бабының 3 тармағына сәйкес, жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды.

ММИБ тіркеу үшін мемлекеттік корпорация арқылы келесі құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру қажет: 1 АЕК мөлшерінде тіркеу төлемі туралы түбіртек; меншік иелері ММИБ құру және төрағаны сайлау туралы шешім қабылдаған жиналыстың хаттамасы. Жиналыс хаттамасы мен сауалнама парақтары ҚР ИИДМ-нің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес, типтік нысан бойынша дайындалуы қажет. Дауыс беру парақтары нөмірленіп, хаттамамен бірге тігілуі керек; Жарғы екі тілде, екі данада ұсынылуы керек. Негіз ретінде меншік иелері бірлестігінің типтік жарғысын алуға болады. Егер пәтер иелері өздерінің ММИБ жарғысын дербес әзірлеу туралы шешім қабылдаса, онда жарғыда «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 44-2-бабында көрсетілген талаптар болуы қажет.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы