2026 жылдың 15 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімнің бас маманмен Қызылжар ауданы № 2 Бескөл орта мектептің оқушыларымен «Жаңа Қазақстан – мемлекеттік қызметтердегі цифрландыру және жаңа Конституция» тақырыбына семинар өткізілді.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына, оның мемлекет дамуындағы, қоғамның құқықтық негіздерін нығайтудағы және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы маңызына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
2026 ж. 14.10. Солтүстік-Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашкалиевпен 2026 жылының 3 тоқсанының қорытындысы бойынша жеке сот орындаушыларымен кеңес өткізілді.
«Тегін заң көмегі»
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері үшін «Тегін заң көмегі» акциясын өткізді.
№ 3 ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы Жүнісова Маржан Бахтыбайқызы Смирново ауылының № 1 мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамның қатысуы» тақырыбында дәріс өткізді.
Қазақстан Республикасының Күні мерекесі қарсаңында Жоғары экономика-құрылыс колледжінің студенттерімен «Мемлекеттік құқық және егемендікті қамтамасыз етудегі атқарушылық өндірістің рөлі» тақырыбында ашық дәріс өтті.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің департаментінің қызметкерімен бірлесіп, азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Нотариус Любовь Владимировна Резницкаяның (Солтүстік Қазақстан облысы Нотариаттық палатасы, Есіл ауданы) жұмыс мекенжайының өзгеруіне қатысты
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті нотариус Любовь Владимировна Резницкаяның қазіргі уақытта нотариаттық қызметін Есіл ауданы, Явленка ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 9-үй мекенжайы бойынша жүзеге асырып жатқанын хабарлайды. Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін). Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
әділет органдарының қызметіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ж.С. Нугуманов Аралағаш ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында азаматтарды жеке қабылдау жүргізіліп, тұрғындар әділет органдарының қызмет салаларына қатысты сұрақтарымен жүгінуге мүмкіндік алды. Келіп түскен барлық өтініштер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.
#встречаснаселением
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#НОТАРИУС
#АДВОКАТ
#ДепартаментюстицииСКО