2025 жылдың 17 ақпанында Аққайың ауданының нотариусы Пыльская Н.В. адвокат Калиева А.М. бірге Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Смирнов аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталығына (Смирново ауылы) бару арқылы тұрғындарға құқықтық көмек көрсету шараларын өткізді.

Кездесу барысында мұрагерлік мәселелері, өсиеттің жасалуы мен куәландырылуы, сенімхаттарды куәландыру, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген тегін заңдық көмек алу құқығына кімдер ие болатыны, кімдерге ол ұсынылмайтыны және оған қайда жүгіну керектігі түсіндірілді. Сондай-ақ, азаматтар жеке қабылдаудан өтті. Барлық сұрақтар бойынша түсіндірмелер берілді.