
СҚО Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі Петропавл қаласының аумағында "APPLE", "iPhone" және «Lightning» құқық иесінің өтініші бойынша тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде "APPLE", "iPhone" және «Lightning» контрафактілік өнімдерін сату фактісі анықталды. ҚР ӘҚБтК 158-бабына сәйкес сот шешімі бойынша құқық бұзушыға 94 дана контрафактілік өнім тәркіленіп, жалпы сомасы 199 000 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. СҚО Әділет департаменті қызметкерлерімен осы "APPLE", "iPhone" және «Lightning» контрафактілік өнімдерін жою бойынша іс-шара өткізді.