«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 14-2-бабына сәйкес заңды тұлға басшысының өзгергені туралы мәліметтер электрондық хабарлама негізінде электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы автоматты режимде енгізіледі. Бұл талап барлық заңды тұлғаларға қолданылады.

Сонымен қатар, әділет Министрлігінің атына электрондық үкімет порталында заңды тұлға басшысын өзгерту жөніндегі қызметтің толық болмауына байланысты шағымдар келіп түсуде.

Тәжірибе көрсеткендей, тараптар арасында дау болған жағдайда қысқа мерзім ішінде портал арқылы қатысушылар басшының өзгеруі туралы, көбінесе құқықтық негіздер болмаған кезде мәліметтер енгізеді.

Осыған байланысты туындаған проблемаларды шешу және хабарламалар беру порталын пысықтау үшін 2022 жылғы 1 қарашадан бастап электрондық үкімет порталында (бұдан әрі-ЭҮП) барлық заңды тұлғалардың (коммерциялық және коммерциялық емес) басшысын өзгерту бойынша қызмет көрсету тоқтатылды.

Жоғарыда көрсетілген форматтың өзгеруіне байланысты аумақтық әділет органдары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) кеңсе арқылы хабарламаларды қағаз түрінде қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруы, сондай-ақ халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша тиісті шаралар қабылдауы қажет.

Қазіргі уақытта ЭҮП заңды тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы ғана электрондық хабарламаларды беру бойынша пысықтау жүргізілуде, өйткені Заңның 14-2-бабына сәйкес енгізілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін заңды тұлға жауапты болады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалар басшысының ауысуы туралы хабарламалар келіп түскен жағдайда, департаменттер мен Мемлекеттік корпорацияның филиалдары басшының өзгергені туралы мәліметтерді енгізе отырып, хабарламаларды қағаз жеткізгіште қабылдауды жүзеге асыруы қажет.