Міне, ортамызға әз-Наурыз мейрамы да келіп жетті!
Көне парсы тілінен қазақша аударғанда Наурыз - жаңа күн деген мағына береді. Қазақ халқы үшін Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңеліп, қазақ даласында қардың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, тірі жанның жасарып, жаңаратын, табиғат-әлемнің көгеріп, көктейтін шағы. Тарихи тамыры тереңге бойлаған бұл мейрам халқымызда қай кезде де бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазіргі қоғамда да мейрамныің мән-маңызы сақталып, барша ұлт пен ұлысты біріктіретін күнге айналған.
Ендеше баршаңызды қыстың қыспағынан шығарып, айналаны жандандырып, мейрам-шаттыққа бөлейтін жыл басы әз-Наурызбен құттықтаймын!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ізгі тілекпен: СҚО Әділет департаментінің басшысы Айдос Тоғызбаев