
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және халыққа тегін заң көмегін көрсету бойынша Құқықтық ақпараттық қызметтің (ҚАҚ) қызметін дәріптеу мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті халықты толғандыратын өзекті тақырыптарға бағытталған іс-шаралары өткізіліп, азаматтардың туындаған сұрақтарына жауап берді. Қоғамдық орындарда, атап айтқанда МК КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» ғимаратында, Петропавл қаласының сауда орталықтарында «Телефон - жедел желі» қашықтықтан кеңес беру секторы арқылы кеңес алу туралы брошюралар таратылды.