2021 жылғы 23 маусымда Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелікқамтамасыз ету және бақылау бөлімі МКУ колледжінің қызметкерлерімен және студенттерімен бірлесіп құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кездесуге қатысты. Біздің қоғам алдында тұрған ең өзекті және әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі, сөзсіз, құқық бұзушылықтардың өсуін азайту жолдарын іздеу және олардың алдын-алудың тиімділігін арттыру болып табылады. Онлайн-кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары мен түсінігі, сондай-ақ әділет органдарының осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстары қаралды.