Пайдалы модель зияткерлік объектісі ретінде Қызылжар ауданаралық әділет басқармасы «СҚО шығармашылық тұлғалары» айдарын жалғастырады. СҚО Қызылжар ауданының тұрғыны Сергей Алексеевич Сергеев пайдалы модель – қозықұйрықтарды өсіруге арналған компостқа, компост алу әдісіне және қозықұйрықтарды компостта өсіру әдісіне патент тіркеді. Бұл пайдалы модель ауыл шаруашылығы саласына жатады. Ұсынылған нысандарды іске асыру кезінде алынған техникалық нәтиже компост сапасын жақсарту, компост алуды жеңілдету және жеделдету, өсіру технологиясын жетілдіру, қозықұйрықтардың өнімділігі мен қауіпсіздігін арттыру болып табылады. Қозықұйрықтарды өсіру әдісіне мицелийдің компост массасына таралуы, компосттың мицелиймен толып кетуі, жапқыш тапырақты дайындау, оның көктену кезеңі және саңырауқұлақтардың пайда болу және жеміс беру кезеңі кіреді. Егер жаңа және өнеркәсiпте қолданарлық болса, пайдалы модельге құқықтық қорғау ұсынылады. Осылайша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 199-бабында пайдалы модельдерге құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген.