Назар аударыңыз, "Контрафакт"акциясы! Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ағымдағы жылғы 12-30 мамыр аралығында "Контрафакт" республикалық акциясын өткізуді жоспарлап отыр! Жоғарыда аталған акция шеңберінде: а. ж. 12-25 мамыр аралығында 10-15 жас аралығындағы (10-12 жас, 13-15 жас аралығы) балалар үшін "Қазақстанда контрафактілік жоқ" тақырыбында үздік сурет республикалық конкурсы); а.ж. 12 мамыр мен 30 мамыр аралығында "Қазақстанда контрафактіге жол жоқ" тақырыбында республикалық ұранға арналған республикалық байқау (14 жас және одан жоғары жас санатында). Жеңімпаздарды бағалы сыйлық - планшет күтеді! Біздің облысымыздың азаматтарынан, жастарынан бей-жай қалмауды және конкурстарға белсенді қатысуды сұраймыз! Конкурстарға қатысу шарттары туралы толық ақпарат алу үшін 33-39-63 телефоны бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөліміне хабарласуға болады.