Ауылдық жерлерде заң қызметтерінің қолжетімділігі мәселесі өте өзекті болып табылады. Өйткені, аудан орталығынан алыс тұратын, сенімхат ресімдегісі келетін азаматтардың нотариусқа бару мүмкіндігі әрдайым бола бермейді.
Мұндай жағдайларда, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі аппаратының лауазымды адамдары нотариаттық іс-қимылдардың мынадай түрлерін жүзеге асыруы мүмкін:
🔷өсиеттерді куәландыру;
♦️сенімхаттарды куәландыру;
🔸Құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын және олардан үзінді көшірмелердің дұрыстығын куәландыру;
🔹өтініштердегі қолдың түпнұсқалығын куәландыру.