Ұлттық жүйе бойынша қазіргі уақытта өнеркәсіптік үлгіге патент өтінім берілген күннен бастап 15 жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Еуразиялық және ұлттық жүйені үйлестіру мақсатында заң жобасы шеңберінде қорғаудың базалық мерзімін келесі 5 жылға ұзарту мүмкіндігімен 15 жылдан 10 жылға дейін қысқарту көзделген. Бұл ретте ұлттық патенттің жалпы қолданылу мерзімі 25 жылдан аспауға тиіс.