📌Географиялық көрсеткіш – қасиеттері немесе беделі оның пайда болуымен байланысты белгілі бір географиялық шығу тегі бар өнімдерге қолданылатын белгі.
🔷Тауардың шығарылған жерінің атауы – географиялық көрсеткіштердің ерекше түрі.
🔷Тауар шығарылған жердің атауы үшін шикізатты пайдалануды, қайта өңдеуді және дайындауды қоса алғанда, тауар өндірудің барлық сатылары мәлімделген жерде (шикізат пен өндірістің өзі осы жермен байланысты) өтуге тиіс. 📌Мысалы, бұл Рудный таңы, Шұбаркөл көмірі, Көкшетау балмұздағы және т.б. нысандар сияқты тауарлардың шығарылған жерінің атаулары.
🔷Географиялық көрсеткіш үшін тауар өндірудің ең болмағанда бір сатысы географиялық көрсеткіш ретінде тіркеуге мәлімделетін жерде жүзеге асырылуы жеткілікті.
Ленгір балмұздағы, Қазалы кәмпиттері, қазақстандық шоколад, қазақстандық коньяк, шымкенттік сыра және т. б. әлеуетті географиялық көрсеткіштер деп атауға болады.
Яғни, өнімді дайындау үшін шикізат шетелден әкелінеді, ал тауардың өзі Қазақстанда өндіріледі.
📌Заңда өтінімді өнеркәсіптік меншіктің бір объектісінен екіншісіне өзгерту мүмкіндігі көзделеді, сараптама ұйымына берген кезде берілетін өтінімдер санының өсуіне ықпал ететін болады.
📌Заңда ұсынылып отырған өзгерістер өзекті болып табылады және қазақстандық өнімді Қазақстан аумағында ғана емес, одан тыс жерлерде де брендтеуді дамытуға ықпал ететін болады.