2019 жылғы 1 шілдеден бастап заңды тұлғаларды, коммерциялық ұйымдарға жататын филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы көрсетеді.
Ал мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі және өзге нысандағы коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды Заң актілерінде көзделген мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.
Еліміздегі ҮЕҰ азаматтық қоғам институты болып табылады және қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік емес қорлар, коммерциялық емес институттар, заңды тұлғалардың одақтары (қауымдастықтары) және басқа да ұйымдар түрінде ұсынылған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті мәртебесі бар, яғни бір облыстың шегінде жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді облыстық Әділет департаменттері жүзеге асырады.
Бүгінгі күні заңды тұлғаларды тіркеу саласында әділет органдары:
- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу;
- заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу;
- жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру;
- жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу;
- заңды тұлғаның қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу, филиал мен өкiлдiктi есептен шығару түріндегі қызметтерді көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтер электрондық және қағаз түрінде көрсетіледі.