Меню

Страницы

Статья

Аналитикалық анықтама

2021 жылдың 3 тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша аналитикалық анықтама

СҚО Әділет департаменті және оның аумақтық бөлімшелері 12 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Е-лицензиялау», «Е – апостиль» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі арқылы және қағаз жеткізгіштерде келіп түседі.

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 Бұйрығының өзгерістеріне сәйкес, есепте қағаз нысанда және электрондық түрде қызмет көрсетудің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген қызметтер деректері көрсетілген.

         Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдарымен 2021 жылдың 3 тоқсанында барлығы 357мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

Мемлекеттік корпорация арқылы 300 қызмет көрсетілді;

Е –лицензиялау бойынша -18;

«Электрондықүкімет порталы»арқылы - 10;

Қағаз түрінде-29.

Оның ішінде: «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық өндірісті қозғау» мемлекеттік қызметі бойынша - 29 (СҚО ӘД кеңсесі -29);

         «Жеке сот орындаушысының лицензиялары алуға үміткер тұлғалардың атестациясы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша «Е-лицензиялау» арқылы 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         «Қазақстан Республикасының Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі бойынша - 234 («Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ СҚО бойынша-225, ЭҮП арқылы-9);

         Заңды тұлғаларды тіркеу саласында 76 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы - 75, ЭҮП арқылы-1.

         Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету саласында Е-лицензиялау арқылы 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Құқықтық түсіндіру жұмысы және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету және халықты ақпараттандыруды арттыру шеңберінде «Е-лицензиялау»және «Е-апостиль» арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша іс-шаралар өткізілді.

         Мемлекеттік қызметтерді неғұрлым ыңғайлы түрде көрсету үшін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің базасында халыққа өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда азаматтар мемлекеттік қызметтерді алуға өз өтініштерін электрондық форматта бере алады, сондай-ақ өтініш берушілер үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдар орналастырылған.

         «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның және оған ведомстволық бағынысты нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру және сақтау, сондай-ақ заңдылықты бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсетуге тартылған қызметкерлер үшін онлайн режимде құқықтық оқыту өткізілді.

         Әділет органдарында 2021 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 40 түсіндіру іс-шаралары жүргізілді, оның ішінде 9-ы электрондық форматта қызмет алуды жариялау (халықты қамту 1829).Барлығы 2389 адам қамтылды.

Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-та есептік тіркеу бойынша функциялар берілген сәттен бастап Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік  қамтамасыз ету және бақылау бөлімі тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсетуге мониторинг жүргізеді.Жүргізілген мониторинг шеңберінде Әділет департаменті коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша ХҚКО БАЖ және ЭҮП БАЖ ақпараттық жүйелерінен келіп түсетін тіркеу іс-әрекеттері мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзған жоқ.

         СҚО Әділет департаментінің атына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзіміне шағымдар түскен жоқ, мерзімдері бұзылған жоқ.

         СҚО Әділет департаментінің веб-сайтында соңғы өзгерістермен Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы толық және қолжетімді ақпарат орналастырылған.

 

 

Дата публикации
18 октября 2021
Дата обновления
18 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
29 сентября 2026
30 сентября день органов работника органов юстиции
Газет
29 сентября 2026
Білім мен білік ұштасқанда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы