СҚО Әділет департаменті (бұдан әрі-СҚО ӘД) және оның аумақтық бөлімшелері 12 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түседі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 Бұйрығының өзгерістеріне сәйкес, есепте көрсетілетін қызметті берушілердің қағаз нысанда және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсеткен деректері көрсетілген.
Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдарымен 2021 жылдың 1 тоқсанында барлығы 685 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жалпы Мемлекеттік корпорация арқылы 609 қызмет көрсетілді;
Е-лицензиялау арқылы – 9;
Е-Апостиль арқылы – 32 ;
электрондық үкімет порталы арқылы – 9;
қағаз түрінде – 26.
Оның ішінде: «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызметі бойынша - 53 (СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы-27, ӘД-26);
«Қазақстан Республикасының Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі бойынша - 126 (СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ - 90, ЭҮП арқылы - 4, Е-Апостиль арқылы – 32);
Заңды тұлғаларды тіркеу саласында 496 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы - 489, ЭҮП арқылы-5.
Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету саласында 2021 жылдың 1 тоқсанында адвокаттық қызметпен айналысуға үміткерлерді аттестаттау өткізілді. Аттестаттауға 12 адам жіберілді. 2 үміткер аттестатталды, 7 үміткер аттестатталмады.
Жалпы 2021 жылдың 1 тоқсанында 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында:
Құқықтық түсіндіру жұмысы бойынша: 8 іс-шара (мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен 1 семинар, 1 бейнеролик, 1 әдістемелік ұсыныс, 1 брошюра және әлеуметтік желілерде 4 жарияланым).
Заңды тұлғаларды тіркеу бағыты бойынша 4 семинар, 2 дөңгелек үстел өткізілді, 4 дәріс оқылды, 3 мақала жариялауға жіберілді, 3 вебинар өткізілді, сайтта ҚР Заңнамасына 3 түсіндірме жарияланды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың интернет-ресурстарда хабардар болуын арттыру мақсатында Е-Апостиль арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша 1 мақала ұйымдастырылды. ХҚКО филиалдарының қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру саласында 6 тағылымдама өткізілді, 1 брошюра әзірленді, 1 вебинар, 1 теледидарда сөз сөйлеу өткізілді.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданаралық Әділет басқармасының басшысы Айыртау ауданы ауылдық округтері әкімдіктерінің нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті мамандары үшін «Нотариаттық іс-әрекеттер жасау» тақырыбына семинар өткізді;
2021 жылғы 10 наурызда Шал ақын атындағы ауданаралық Әділет басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының Тимирязев ауданы Халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері үшін «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау» тақырыбына дәріс өткізді;
«Атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызметін көрсету саласында 8 түсіндіру іс-шарасы өткізілді:
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті заң қауымдастығымен бірлесіп, И.Шухов атындағы қалалық кітапхана базасында «Парасат жолы» орталығында әділет органдарының қызметі мәселелері бойынша азаматтардың қабылдауын ұйымдастырды.
СҚО ӘД «№ 1 Сот актілерін орындау бойынша ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалы «Ашық есік күнін» өткізді;
Жүгінген азаматтарға сот органдарына талап қоюды қамтамасыз ету туралы сот ұйғарымы бойынша салынған жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салуды алып тастау бойынша жүгіну тәртібі түсіндірілді, сондай-ақ алимент төлемдерін өндіріп алу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді;
2021 жылғы 8 наурызда «СҚО Әділет департаменті» РММ «№2 Сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалының басшысы Тимирязев ауданы заң ұйымдары мамандарының қатысуымен «Атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызметін көрсетуді түсіндіру мәселесі бойынша семинар өткізді;
Атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру бөлімімен «Атқарушылық іс жүргізу материалдарымен қалай және қайда танысуға болады?» тақырыбына вебинар өткізілді;
Әділет департаментінің өкілі СҚО Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысымен бірлесіп «Ашық есік күні» акциясын өткізді, онда атқарушылық іс жүргізуді орындау мәселелері бойынша азаматтардың қабылдауы ұйымдастырылды;
«Атқарушылық іс жүргізуді қозғау. Сот орындаушысын таңдау» тақырыбына онлайн режимінде кеңес өткізілді;
«Қызылжар» телеарнасында атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімі басшысының «Бірінші ауыздан» бағдарламасында «Атқарушылық іс жүргізуді қозғау» тақырыбы бойынша сөз сөйлеуі ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 26 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен «Өз қарызыңды төле!» акциясы өткізілді. Акция шеңберінде атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін жауапкершілігі түсіндірілген, мәжбүрлеу сипатындағы шараларды қолдану, атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері түсіндірілген буклеттер таратылды.
Әділет органдарында 2021 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша барлығы 47 түсіндіру іс-шаралары өткізілді, оның ішінде 15 электрондық форматта қызмет алуды насихаттау бойынша. Барлық қамтылған азаматтардың саны 4399.
СҚО Әділет департаментінің мекен-жайына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзіміне шағымдар түскен жоқ, мерзімдері бұзылған жоқ.
СҚО Әділет департаментінің веб-сайтында соңғы өзгерістермен Департаментпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық және қолжетімді ақпарат орналастырылған.
СҚО Әділет департаменті