Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының 2020 жылғы 17 қарашадағы №341-П бұйрығымен Гүлнар Қалиқанқызы Қожахметова Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі міндеті қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі бұзушылықтарын алдын алуды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру.
Ағымдағы жылдың басынан бастап әдеп жөніндегі уәкіл келесі жұмыс жүргізді: Департамент қызметкерлеріне тұрақты негізде жеке кеңестік көмек көрсетіледі. Осылайша, қиын өмірлік жағдайлар немесе даулы жұмыс сәттері туындаған кезде кез келген қызметкер әдеп жөніндегі уәкілге көмек сұрап жүгіне алады.
Ағымдағы жылдың ақпан айында онлайн-режимінде «Кеңестер беру күні» өткізілді, онда азаматтар өз сұрақтарын қойып, толық және толыққанды жауаптар алды.
Бұдан артық, әдеп жөніндегі уәкіл Департамент қызметкерлерінің Солтүстік Қазақстан облысының құрылу күнінің 85 жылдығына арналған Облыстық өлкетану мұражайының көрмесіне баруына бастамашылық жасады.
Ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында оқитын мемлекеттік қызметшілерге дәріс өткізілді. Аталған іс-шара барысында Қазақстан Республикасының ғылымына зор үлес қосқан ҚР ҰҒА академигі, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зиманұлы Зимановтың өмірбаяны баяндалды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Қызылжар ауданаралық Әділет басқармасының алаңында Г.Қ. Қожахметова азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Осындай іс-шараларды Шал ақын атындағы, Ғабит Мүсірепов атындағы және Тайынша ауданаралық Әділет басқармаларында өткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, корпоративтік рухты нығайту мақсатында Департаменттің қызметкерлері үшін «эстафета» спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды, ол таза ауада өтті. Қызметкерлер өздерінің әрі қарайғы жұмысына оң әсер еткен эмоцияларға ие болды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап «жеке қабылдауға» 10 азамат келесі сұрақтармен келді: заңды тұлғаларды тіркеу, апостиль қою, әділет органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.
Әдеп жөніндегі уәкіл ай сайын Департамент қызметкерлеріне ұжымда моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында анонимді сауалнама жүргізетінін атап өткен жөн. Бұл бағытта ешқандай мәселелер туындамайды.
Қорытындылай келе, әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы бұдан әрі де жалғасатынын атап өту қажет, ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанына әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін жетілдіру бойынша СҚО бойынша МҚІА Департаментінің басшылығымен кездесу; «отбасы күнін» өткізу; киелі орындарға экскурсиялар мен баруды ұйымдастыру және т.б. сияқты бірқатар іс-шаралар жоспарланған.