Меню

Страницы

Статья

«Kaspi Bank» АҚ постоматтары арқылы туу туралы куәліктерді беру

2026 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанда Kaspi Bank постоматтары арқылы туу туралы куәлікті алу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Енді «Бала туу туралы акт жазбасын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметінің нәтижесін Kaspi Bank постоматы арқылы — ХҚКО-ға бармай-ақ өз бетінше алуға болады.

Бұл қалай жұмыс істейді?
1. Қызмет Kaspi мобильді қосымшасында рәсімделеді.
2. Өтініш беру кезінде алу тәсілі таңдалады: ХҚКО немесе постомат.
3. Дайын куәлік Сіздің қалаңыздағы таңдалған постоматқа жеткізіледі.
4. Құжатты 3 күнтізбелік күн ішінде алуға болады.

Білу маңызды:
• Қызмет тегін көрсетіледі.
• Құжат жоғалған жағдайда куәлік тегін қалпына келтіріледі.
• Барлық кезеңдер Kaspi қосымшасындағы хабарламалармен және 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы сүйемелденеді.

Егер құжат уақытында алынбаса:

Құжат Мемлекеттік корпорацияға қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушыға алу мекенжайы көрсетілген хабарлама жолданады.

Бірлескен бұйрық 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды.

Дата публикации
03 марта 2026
Дата обновления
03 марта 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
29 сентября 2026
30 сентября день органов работника органов юстиции
Газет
29 сентября 2026
Білім мен білік ұштасқанда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы