Пилоттық жобаны іске қосуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметті автоматтандырылған режимге көшіруге байланысты нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізетін Аттестаттау комиссиясы алынып тасталды.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған тұлғалар, тұрақты судьялар және бұрын тұрақты судья болып қызмет атқарған адамдар (өз қызметін атқару кезінде заңдылықты бұзғаны және абыройға нұқсан келтіретін теріс қылықтары үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда), сондай-ақ мемлекеттік нотариустар аттестаттаудан өтуден босатылады.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, аттестаттау тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Қазақстан Республикасы заңнамасын білу деңгейін тексеру мақсатында нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалар сынамалық аттестаттаудан өтуге құқылы.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда, үміткер аталған лицензияны қайта алу үшін өтініш берген кезде міндетті түрде аттестаттаудан өтуі тиіс.