Меню

Страницы

Статья

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу мерзімдері

Қазақстан Ресбуликасы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 9 бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің мынадай мерзімдері бар.

Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу электрондық өтініш берілген кезден бастап бір сағат ішінде жүргізіледі. Мемлекеттік қайта тіркеу - өтініш берілген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде. Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін), сондай-ақ шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) және тарату қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 января 2026
Дата обновления
24 января 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
29 сентября 2026
30 сентября день органов работника органов юстиции
Газет
29 сентября 2026
Білім мен білік ұштасқанда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы