Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық — жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың өз қызметтік өкілеттіктері мен оларға байланысты мүмкіндіктерін жеке басының немесе делдалдар арқылы өзге де мүліктік және (немесе) мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алуға пайдалануы.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық — Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, заңнамаға сәйкес тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын іс-әрекет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесіне мыналар кіреді:
1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг;
2. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау;
3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобаларына ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу;
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін нормаларды анықтау;
5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау;
6. қаржылық бақылау;
7. сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер;
8. мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу;
9. кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;
10. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;
11. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау;
12. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жою;
13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық баяндаманы қалыптастыру және жариялау.

Дата публикации
18 ноября 2025
Дата обновления
18 ноября 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
29 сентября 2026
30 сентября день органов работника органов юстиции
Газет
29 сентября 2026
Білім мен білік ұштасқанда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы