Шығарманы пайдалануға рұқсат міндетті түрде қажет. Бірақ, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 39-бабы фонограммаларды құқық иесінің келісімінсіз, бірақ сыйақы төлей отырып пайдалану мүмкіндігін көздейді. ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 31-бабы авторлық шарт бойынша құқықтарды пайдалануды көздейді. Ұжымдық басқару жөніндегі ұйыммен тиісті шарт жасасу және туындыларды коммерциялық мақсатта пайдалану үшін Авторлық және сабақтас сыйақы төлеу жеткілікті болады.