Авторлық құқық міндетті тіркеуді қажет етпейді, өйткені ол құру фактісі бойынша пайда болады. Бірақ қалауы бойынша автор өз құқығын тіркей алады.
Тізілімге мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізу жөніндегі мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны көрсетеді. Бұл қызмет "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (www.egov.kz).
Туындының авторы немесе сенімхат бойынша оның өкілі электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жоғарыда көрсетілген порталда авторланады, онда міндетті жолдарды (ЖСН, туындының атауы, жасалған күні және объектінің түрі) толтырады, өтініш қалыптастырады және туындының данасын тіркейді.