Меню

Страницы

Статья

Адвокаттық қызметтің кепілдіктері

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағына, 76-1-бабының 2-тармағына сәйкес адвокаттардың немесе заң консультанттарының қызметіне заңсыз араласуға жол берген, не болмаса олардың қызметін жүзеге асыруға кедергі келтірген адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылады.
Адвокаттың немесе заң консультанттарының заңды қызметіне кедергі жасау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 668-бабына сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қозғауға негіз болып табылады.

ӘҚБтК-нің 668-бабына сәйкес, адвокаттың немесе заң консультанттарының заңды қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіру, яғни олардың кәсіби міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды немесе мәліметтерді жазбаша сұрау салу негізінде заңнамамен белгіленген мерзімде бермеу не оларды ұсынудан бас тарту, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттің белгілері болмаса, лауазымды адамдарға он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Дата публикации
26 августа 2025
Дата обновления
26 августа 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
29 сентября 2026
30 сентября день органов работника органов юстиции
Газет
29 сентября 2026
Білім мен білік ұштасқанда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы