Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін ең өзекті мәселелердің бірі. Ол тек мемлекеттік органдарға ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті өміріне әсер етеді. Сондықтан да оның алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әрқайсымыздың адалдық пен әділдікті ұстануымыз – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең тиімді құралы. Қоғамда ашықтықты арттыру, заңды құрметтеу, пара бермеу және пара алмау қағидаларын сақтау арқылы біз әділетті Қазақстанды қалыптастыра аламыз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес:
• Мемлекеттік қызметшінің ғана емес, әрбір азаматтың парызы;
• Әрбір шаңырақтың берекесін сақтайтын қағида;
• Болашақ ұрпаққа адалдықтың үлгісін қалдыратын жол.